top of page

Atyrau University Азияның жетекші жоғары оқу орындарының қатарына енді

15 hours ago
1 min read

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті тарихында алғаш рет әлемдік академиялық қауымдастық мойындаған беделді “QS World University Rankings: Asia 2027” халықаралық рейтингіне еніп, Азияның жетекші жоғары оқу орындарына қосылды.


Atyrau University Азияның жетекші жоғары оқу орындарының қатарына енді

Ауқымды халықаралық бағалау нәтижесі бойынша Атырау университеті Азия жоғары оқу орындары арасында 1001–1100 орындар аралығына тұрақтап, маңызды көрсеткіштерге қол жеткізді.


Оқу орны:

Қазақстан университеттері арасында — 33-орын;

Орталық Азия университеттері арасында — 66-орынға тұрақтады.


Бұл — университет тарихындағы айтулы белес, өңірлік жоғары білім мен ғылымның халықаралық деңгейде танылуына жол ашатын стратегиялық маңызы зор жетістік саналады.


Аталған нәтиже университеттің білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жаһандық академиялық кеңістікке интеграциялану бағытындағы жүйелі жұмысының маңызды көрсеткіші.


Бұл жетістік — университет топ-менеджерлары құрған стратегиялық ұстанымдардың, профессор-оқытушылар құрамының қажырлы еңбегінің, ғалымдар мен қызметкерлердің жауаптылғы мен бірлескен күш-жігерінің жарқын жемісі.


Университет ұжымын, профессор-оқытушылар құрамын, білім алушыларды және барша академиялық қауымдастықты айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!

Атырау университетінің алар асуы биік, бағындырар белесі көп болсын!!

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page