top of page

Auezov University QS өңірлік директоры келді

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми сапармен QS агенттігінің Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша өңірлік директоры Сергей Владимирович Христолюбов келді.


Auezov University QS өңірлік директорыкелді

Сапар барысында университеттің Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Жұмықанұлы Ахмед-Закимен кездесу өтті. Кездесу барысында университет пен QS компаниясы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, QS рейтингіне, QS Asia University Rankings, QS Stars, QS Sustainability, QS by Subject және басқа да халықаралық рейтингтерге қатысу, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.


Auezov University QS өңірлік директорыкелді

Келіссөздер барысында университеттің даму стратегиясы, ғылыми серіктестер желісін пайдалану, әріптестік байланыстарды кеңейту және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері де талқыланды.


Сонымен қатар, сапар аясында университеттің құрылымдық бөлім басшыларымен кездесу өткізіліп, онда Сергей Христолюбов QS рейтингінің индикаторлары аясында университеттің қазіргі көрсеткіштерін және оларды жақсарту жолдарын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша университеттің әлемдік рейтингтердегі орнын жоғарылату үшін бірқатар нақты ұсыныстар беріліп, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық жоспарға енгізілетін міндеттер айқындалды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page