top of page
Search

Enterra-да талапкерлердің ҰБТ-ға онлайн қалай сапалы дайындалу керектігі туралы сұрақтарына жауап берілді


Подготовка ЕНТ онлайн ответы

Ата-аналар мен балалардың көпшілігінде мынадай сұрақ туындайды: «ҰБТ-ға дайындықты қашан бастаған дұрыс? Оныншы сыныпта ма немесе он бірінші сыныпта ма? Мүмкін тоғызыншы сыныпта бастаған дұрыс болар? Әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар. Енді біз осы ерекшеліктерді талдап, 2024 жылғы үміткерлердің сұрақтарына жауап беретін боламыз.


Айнаш СЕИТОВА,  сооснователь компании Entterra

Айнаш Сеитова


Тоғызыншы сыныпта дайындықты сіз алтыншы және сегізінші сыныптың материалдарынан бастайсыз. Тестілерді ҰБТ-ға дейін қайталамайтын болсаңыз, материалдың көп бөлігін ұмытып қалу ықтималдығы жоғары болады. Сондықтан бұл кезеңде егжей-тегжейге тоқталмай, белгілі бір пәнді толықтай

түсініп, олқылықтардың орнын толтырумен айналысқан дұрыс.

Ең дұрысы оныншы сыныптан бастап дайындалу керек. Бұл кезде он бірінші сыныптағыдай эмоционалды қысым да, жасайтын ісіңіз көп, бірақ уақытыңыз жоқ болып, ештеңеге үлгермей қалатындай сезім де болмайды. Бұл жерде мөлшерлі оқуға баса назар аудару керек – сол кезде оқушы қатты шаршамай, сабақты көбірек оқитын болады және қайталаған кезде көп ақпарат ұзақ мерзімді жадта сақталып қалады.

Егер оқушының білім базасы мықты болса, он бірінші сыныптағы дайындық жақсы нәтиже береді. Егер дайындық деңгейі орташа немесе төмен болса, онда оқушы шаршап қалуы мүмкін, нәтижесінде дайындықтың сапасы нашарлайды, өйткені ақпараттың көлемі өте көп болғандықтан, оны қабылдау қиынға соғады.  

Сонымен, тоғызыншы сыныптан кейін дайындықты бастау өте ыңғайлы болады, сондықтан сізге болашақ мамандығыңызды алдын ала таңдап алу керек, ал егер осы уақытқа дейін бірнеше нұсқа болса, онда сізге міндетті пәндерден бастауға болады.

–  ҰБТ-ны қай күні тапсырған дұрыс және неге?


– Егер сіз жақсы дайындалған болсаңыз, мейлі ол бірінші күні немесе соңғы күні, күннің бірінші немесе екінші жартысында болсын бәрібір, ҰБТ-ны қай кезде тапсыру керектігі маңызды емес. Тестілеуге тіркелу кезінде сізде бос күндер мен уақытты таңдау мүмкіндігі болады.

ҰБТ-ны тапсырған күн мен уақыт нәтижеге әсер етпейді.

Сұрақтарды бөлумен белгілі бір орнатылған алгоритм бойынша жүйе айналысады. 

«ҰБТ-ны қай уақытта немесе қай күні тапсыру керек» деген сұрақтардың барлығы өзінің біліміне деген сенімсіздіктен және сәттілікті пайдаланып қалуға тырысудан туындайды. ҰБТ тапсыру күнінде ешқандай айырмашылық жоқ, айларда айырмашылық бар. Түлектердің тестілеуді бірнеше рет тапсыруға мүмкіндігі бар.

Қыста (қаңтар-ақпан) – бұл ҰБТ нәтижелері оқуға тек ақылы негізде түсу үшін жарамды.

Көктем (наурыз) – мұнда да ақылы бөлімге.

Мамыр-шілде – осы тестілеудің нәтижелерімен білім беру грантын алу үшін әртүрлі университеттерге өтініш беруге болады.

Мамырдан шілдеге дейін талапкердің тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндігі бар, ал грант тағайындауға қатысуға өтінішті ең жақсы нәтижемен беруге болатынын айта кету керек.

«Гранттық» ҰБТ-да сұрақтар әдетте алдыңғы ағындарға қарағанда қиынырақ болады.

Тамыз – бұл тест студент ешбір әрекетінде өту ұпайын жинай алмаған жағдайда тапсырылады. Ол ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік береді.


– Мен грантқа үміткермін, маркетологқа түскім келеді, бірақ әртүрлі жоғары оқу орындарында оқу құны әртүрлі, бұл мен үшін маңызды ма?


– Егер талапкер грант алатын болса, онда оқу құны маңызды емес, өйткені ол мемлекеттік бюджет есебінен тегін білім алады.

Бұл жерде кейбір университеттерде сіз 80 ұпаймен қатысып, грантқа үміткер бола алатындығыңызды ескеру маңызды, ал кейбір университеттерде, мысалы, ҚБТУ немесе KazGUU-да оқуға түсу ұпайының шегі 100-120 ұпайдан басталады.

– Өткен жылдары грантқа түсу ұпайларының қандай болғанын қайдан көруге болады?


– Нәтижелер жыл сайын маусым-тамыз айларында Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланады. Сіз 2023-2024 жылдардағы деректерді сілтеме арқылы немесе QR коды бойынша басқа құрылғыдан жүктей аласыз.


Результаты ЕНТ 2023-2024 скачать

2023-2024-Шекті балдар, Пороговые баллы 2023
.xlsx
Download XLSX • 297KB








–  Егер мен ҰБТ-дан өту ұпайын жинамасам, қандай нұсқалар бар?


– Егер сіз барлық әрекеттердің қорытындысы бойынша өту ұпайын жинамасаңыз, оқуға шартты түрде қабылдау нұсқасы бар.

Яғни, талапкер қалаған ЖОО-сына ақылы негізде шартты түрде бір семестрге (қыркүйек-желтоқсан) қабылдануы мүмкін. Оқуды ұзарту үшін мұндай студент ҰБТ-ны 2025 жылдың қаңтарында қайта тапсыруы керек. Егер соңғы мүмкіндік сәтсіз болса, онда студент оқудан шығарылады. Бұл нұсқа уақытты жоғалтпауға және оқуды өзінің қатарластарымен бірге бастауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ҰБТ нәтижелеріне қарамастан, сіз шет елде тегін оқуға түсе аласыз, бұл үшін әртүрлі бағдарламалар бар. Алыс шет елдер үшін міндетті түрде ағылшын тілін білу (IELTS сертификаты) және қаржылық қолдау қажет, өйткені түсу шарттары және жалпы шет елде өмір сүру Қазақстанға қарағанда қымбатырақ. Бағдарламаға байланысты ішкі емтихандарды тапсыруды талап ететін және талап етпейтін университеттердің бар екенін айта кету керек.


– Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін онлайн дайындық курстары бар ма?


– Шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін университеттердің жанынан ашылған курстар бар, ол жерде емтиханды қалай тапсыру керектігі айтылады, табысты жобалық жұмысты жасау үшін негізгі білім береді, ол білімнің нәтижелері бойынша комиссия ұпайларды бағалайды және есептейді.

ҰБТ нәтижелерімен жиынтықта міндетті пәндер бойынша гранттар бөлінеді.

Әр мамандықтың өз талаптары бар. Бұл журналистер үшін – эссе мен сұхбат, болашақ сәулетшілер мен дизайнерлер үшін – суреттер мен сызбалар болуы мүмкін, мысалы, үш геометриялық фигураның 3D-композициясын салу. Сценарийшілер мен режиссерлер үшін тапсырма белгілі фильмді кәсіби тұрғыдан талдау болуы мүмкін.


– ЖОО-ға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерінен басқа тағы не ескеріледі? 


– ҰБТ нәтижелері – бұл қазақстандық жоғары оқу орнына түсудің негізгі критерийі және мектепте оқу үлгерімінің қандай болғаны маңызды емес. Бірақ грантқа үміткерлердің ұпайлары тең түсетін кездер болады, содан кейін «Алтын белгі» иегері атанған талапкерлерге; ғылыми жарыстардың, халықаралық және республикалық орындаушылар конкурстарының, соңғы үш жылдағы спорттық жарыстардың жеңімпаздарына, егер олар таңдаған мамандық олимпиада пәніне сәйкес келсе, ағымдағы оқу жылындағы олимпиадалардың жеңімпаздарына; үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) талапкерлерге артықшылық беріледі. 

2023 жылы біздің түлек ҰБТ-ны 114 ұпайға тапсырды және IELTS сертификатына ие болғаны үшін қосымша 9 ұпай алды. Бұл жағымды тосын сый болды, өйткені мұндай мүмкіндікті ешкім күткен жоқ. Нәтижесінде ол 123 ұпаймен грантқа түсті.

– Желтоқсан айында өткен сынақ тестілеуінде 58 ұпай жинады. Грантқа түсу үшін қалған уақыттың ішінде дайындалып үлгере ме?


– Бұлай болуы әбден мүмкін. Ол үшін ықылас пен тәртіп қажет. Сондай-ақ таңдап алған мамандығы және грант үшін қанша ұпай жинау керек екені маңызды. Мысалы, егер сіз өте жоғары ұпайды (110-135) жинауды қажет ететін заң, экономика немесе стоматолог мамандығына түсуді жоспарласаңыз, онда сізге көп тырысу керек. Бірақ бәрі талапкерлердің өз қолында.


– ҰБТ-ға онлайн дайындалудың құны қанша? Қандай кепілдіктер бересіздер?


– Дайындық құны әртүрлі және таңдап алған пәндерге байланысты. Барлық пәндер бойынша кешенді дайындық туралы айтатын болсақ, жылына 200 000-нан 420 000-ға дейін, әртүрлі тарифтер бар.

Біз оқушыларымызға беретін ақпарат пен материалдар үшін жауаптымыз, сондықтан курсты уақтылы 100% аяқтаған, үй тапсырмасын орындаған және кемінде 93% нәтижемен ішкі тестілеуден өткен жағдайда ғана 140-тан 100 ұпай жинайтынына кепілдік береміз.

Егер сіз осы шарттарды ұстанатын болсаңыз, онда сізде оқуға түсе алмаймын деген ой болмайды.


– Дайындық бағдарламасы бір жылға есептелген, егер 10-шы сыныпта оқыса, 11-шы сыныпта оны қайталау қажет бола ма? Оқудан кейін қандай да бір материалдар қалады ма?


– 10-сыныпта дайындықты бастағаннан кейін сіз толық жылдық курстан өтесіз (9 ай) және 11-сыныптағы материалдарға оралу тақырыпты нөлден үйрену үшін емес, егжей-тегжейлерді нақтылау үшін қажет болады. Яғни, оқушы тақырыпты түсінеді, ақпараттың бір бөлігін бірден меңгереді, ал кейбір бөлшектерді ми есте сақтамауы мүмкін, сол кезде ұмытып қалған тақырыпты немесе сұрақты қайта көтеріп, оларды жадында жаңарту қажет болады.

Ол үшін біз барлық материалдарды ҰБТ-ны тапсырғанға дейін ашық қалдырамыз.

– Enterra-да дайындалғаннан кейін талапкерлер 2022-2023 ж. ҰБТ-да қандай ұпай жинады?


– Ұпайлар әр түрлі болды: 123, 114, 117, 98 және т.б. Оқуға түскендердің арасында ақпан айында бізге дайындыққа келгендер болды. Олар да керемет нәтижелерге қол жеткізді, әрине, бұл жетістікке жету үшін бізге де, оларға да көп күш салу керек болды. Біздің оқушылардың нәтижелерімен әрқашан entterra.kz Instagram парақшамызда таныса аласыздар.


– 2024 жылы ҰБТ тапсырушыларға арналған Enterra-дан лайфхактар.


– Сұрақты оқығанда мұқият болыңыз! Сұрақтың мәнін түсініп, түйін сөздерге назар аудару маңызды.

Мысал: ҚР Бірінші Конституциясы ... қабылданды.

Міне, сол кезде біз оның 1995 жылдың тамызында қабылданғанын есімізге түсіреміз.

Бірақ сұрақ тек Конституция туралы емес, 1993 жылы қабылданған бірінші конституция туралы болып тұр ғой.

Тағы бір мысал: 18 ғасырдағы үлкен көтерілісті атаңыз.

Осы жерде көпшілігі «Кенесары Қасымов бастаған көтерілісті» белгілейді және бұл шын мәнінде ірі көтеріліс (бүкіл Қазақстанды қамтыды).

Мәселе басқада, бұл жерде ғасырды сұрайды және сіз Сырым Датовты белгілеуіңіз керек.

Таратылған ақпаратқа үміттенбеңіз!

(Таратқыш («тарату» етістігінен) – бұл әр түрлі әлеуметтік желілерде талапкерлер бөлісетін қысқы және көктемгі ҰБТ-ның сұрақтары. Қаңтар және наурыз айларында тестілеуден өткен оқушылар сұрақтарды естеріне сақтап немесе жазып алады және Телеграм-арналарда жариялайды. Мұндай ақпарат бүкіл елге тез таралады).


Біз ондай ақпараттарға үміт артпауға кеңес береміз. Егер қаңтар айындағы ҰБТ-да осындай әдіспен таралған сұрақтар кездескенімен, наурыз айында мұндай сұрақтар аз болады, ал мамыр – шілде айларында жылыстаған ақпаратпен таралған сұрақтарды мүлдем кездестірмейсіз.

Емтиханға көңіл күйіңізге байланысты емес, кесте бойынша дайындалу керек.

Сіздің өз бетіңізше немесе орталықта дайындалып жатқаныңыз маңызды емес. Маңыздысы және ең қажеті – материалды қайталау. Біз сізге интервалды қайталауға кеңес береміз, мұнда тек кесте құрып қана қоймай, оны үнемі ұстанып отыру қажет.

Мысалы: 16:00-ден 17:30-ға дейін – математика бойынша практика, 19:00-ден 20: 00-ге дейін – тарих бойынша өткен материалды қайталау. Әр күніңіз осылайша жазулы болады.

Өз-өзіңізді бақылау қиын, сондықтан сізге, мысалы, ата-ананың көмегі қажет, әйтпесе кейінге қалдыру әдеті жақсы нәтижелерге әкелмейді.

Есіңізде болсын, ҰБТ-дан қанағаттанарлықсыз ұпай жинау – ақырзаман емес! ҰБТ-ны қайта тапсыруға, келесі жылға қалдыруға, тіпті басқа жолды таңдауға болады.

 

Entterra, подготовка к ЕНТ онлайн
ҰБТ-ға дайындалу үшін Enterra-ға хабарласыңыз, сонда сіз өзіңіз армандаған университетке түсе алатындығыңызға сенімді боласыз. Біздің сайт: https://entterra.kz/.



Ал «Современное образование» журналының редакциясына Enterra-дағы ҰБТ-ға дайындық туралы курс тыңдаушыларының бірі – Ақтөбе қаласының 11-сынып оқушысы Димаш Қуаныш айтып берді.


– Димаш, ҰБТ-ға онлайн дайындалу саған қаншалықты ыңғайлы?

 

– Мен көбіне үйде болғанды ұнатамын, сондықтан онлайн дайындалу маған өте ыңғайлы.

 

– Сіз қандай пәндер бойынша курстарда, ал қай пәндер бойынша өз бетіңізше дайындаласыз? Неге?

 

– Enterra курстарында мен математикалық сауаттылық, дүниежүзілік тарих, Қазақстан тарихы бойынша дайындалып жатырмын, ал шет тілін өз бетімше дайындап жатырмын, себебі бұл пән Enterra-да әлі жоқ.

 

– Қай университетке оқуға түсейін деп жатырсың? Неліктен мұндай таңдау жасадың?

 

– Әзірге мен қай университетке түскім келетінімді әлі таңдаған жоқпын. Дәл қазір мен екі жоғары оқу орнын таңдап отырмын: олар ҚНУ және СДУ. Университеттерге шолу жасап, барлық ақпаратты салыстырғаннан кейін, менде осы екі университетте сапалы білім беріліп жатыр деген пікір қалыптасты. 

 Курстарда материал қаншалықты оңай, түсінікті, жеңіл түсіндіріледі?

– Барлық оқу материалы оқушыға өте түсінікті. Егер бірдеңе түсінбесе де, Entterra-да Zoom қоңыраулары бар, онда сіз кез келген сұрақты қоюыңызға немесе мұғалімге жеке жазуыңызға болады.

– Интернеттегі техникалық ақаулықтар, мысалы, әлсіз Интернет, сигналдың болмауы сабақтарға кедергі келтіре ме?

– Жеке өзіме Интернеттің әлсіздігі және сигналдың болмауы сияқты мәселелер кездескен жоқ. 

– Курстардағы сабақтарға байланысты ҰБТ тапсыруға дайындық сезімі қалай өзгереді?

– Әрине, күн сайын пәндер бойынша өз дағдыларыңызды жетілдіріп жүргендіктен, сізде өзіңіздің біліміңізге деген сенімділік пайда болады.

– Құрдастарыңызға қандай кеңес берер едіңіз? ҰБТ-ға қалай жақсы дайындалу керек? Қай сыныптан бастаған дұрыс?

– Мен тек жалқау болмаңдар, мақсат қойып, соған қол жеткізіңдер деген кеңес берер едім. Менің ойымша, ҰБТ-ға дайындалуды 10-шы сыныптың соңында бастаған жөн.

– Онлайн дайындалуды, Enterra курстарын ұсына аласыз ба?

– Иә, мен бір-екі досыма Enterra курстарын оқуға кеңес бердім.

Назарова Диана, Семей қаласы


– ҰБТ-ға дайындықты бастамас бұрын оқуыңда қандай қиындықтар болды және саған Enterra мектебі қалай көмектесті?

– Мектепте маған материалды меңгеру қиынға соғатын, өтіп жатқан сабақтың өзара байланысын түсінбейтінмін. Бұл жағдай тоғызыншы сыныпта басталды, Мен оны анықтауға тырысқаныммен, жағдай еш өзгермеді.

– Неліктен дәл осы Enterra-ға жүгінуді шештің?

– Біз Enterra-ның оқыту тәсілі туралы білдік, менің ойымша, ол оқушының ерекшеліктерін ескеретін сияқты. Сөйтіп мен бір тың дүниені жасап көрейін деп шештім, өйткені бұған дейін мен сабаққа репетиторлармен бірге дайындалғанмын, сабақтың соңында тақырыпты білетін сияқты көрінгенмен, есептерді шеше алмайтынмын.

– Enterra-ның оқытушылары оқу процесінде қолдау көрсете ме?

– Иә, олардың бір ерекшелігі – менің жеке қажеттіліктерді түсінеді. Бұл жердегі оқытушылар тек сабақ беріп қана қоймай, маған қиындықтарды жеңуіме көмектеседі. Қолдау жай ғана оқу мәселелерімен шектелмейді. Куратор бір ауыз сөзімен менің өз-өзімді тез жинауыма көмектесіп, жалқауланып кетуіме жол бермеген жағдай болды.

– Enterra-да оқудың нәтижесінде сенің оқуға деген көзқарасыңда өзгерістер болды ма?

– Иә, Entterra психологтарымен тренинг өткізгеннен кейін мен барынша жинақы болып, реттеле бастадым, жоспарлар пайда болды, есте сақтау және аралық қайталау әдістерін қолданып, өз бетімше жұмысқа көбірек уақыт бөлетін болдым. Ақпаратты жалықтырмай берудің арқасында материалға жақсырақ және ұзағырақ зейін қоя бастадым. Түсіндіру барысында мұғалімдер ұқсастықтар мен салыстырулар жасайды, бұл сабаққа деген қызығушылықты арттырып, тіпті үлкен көлемдегі ақпаратты есте сақтауға көмектеседі.

Айдарды дайындаған:

Вероника КОРЕШКОВА,

Айнаш СЕИТОВА


 

АННОТАЦИЯ

Айнаш Сеитова, сооснователь компании Entterra, педагог с 35-летним стажем и обладатель нагрудного знака им. Ыбрая Алтынсарина «За успехи в практической подготовке учащихся» ответила на вопросы абитуриентов о том, как качественно подготовиться к ЕНТ онлайн, а также о нюансах сдачи ЕНТ в 2024 году и различных возможностях поступления в вузы. Платформа Entterra даёт гарантию сдачи ЕНТ на 97 баллов и выше. Свои отзывы дали и слушатели курсов.

bottom of page