III Халықаралық стратегиялық серіктестер форумы: білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды
18 қарашада Астанада Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумы аясында қазақстандық жоғары оқу орындары, шетелдік университеттер мен ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою және құжаттар алмасу рәсімі өтті. Қол жеткізілген уағдаластықтар қос дипломды білім беруді, академиялық алмасуды, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және экономиканың басым салалары үшін кадр даярлауға бағытталған, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

✔ Бірлескен білім беру бағдарламаларын кеңейту негізгі бағыттардың бірі болды. Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті Цзянсу технологиялық университетімен қос дипломды бағдарламалар бойынша ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
✔ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Нанкин пошта және телекоммуникациялар университеті «Жасанды интеллект» бағыты бойынша қос дипломды магистратура бағдарламасын іске асыру туралы келісім жасасты. Сонымен қатар Қарағанды техникалық университеті, Цзинань кәсіптік колледжі және SINOTRUK компаниясы «Бань Мо» институтын бірлесіп құру және бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі келісім мен жол картасына қол қойды.
✔ Satbayev University, Қытай-ШЫҰ ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық орталығы, Цзинань кәсіптік колледжі және Asia Steel Pipe Corporation компаниясы да «Бань Мо» институтын құру туралы келісімге және оны іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды. Бұл ынтымақтастық білім беру ұйымдары мен өндірістік серіктестер арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
✔ Рәсім барысында қол қойылған маңызды құжаттардың бірі – ядролық білім беру саласындағы жоғары оқу орындарының Қазақстан-Ресей консорциумын құруға қатысу туралы меморандум. Құжат «МИФИ» ұлттық зерттеу ядролық университеті мен Қазақстанның сегіз жоғары оқу орнын біріктіреді. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Shakarim University, Astana IT University және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бар.
✔ Бірқатар уағдаластық академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге арналды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Кампинас мемлекеттік университетімен, Сумгаит мемлекеттік университетімен және Жеке қолданбалы ғылымдар университетімен меморандумдарға қол қойды. Қазақ ұлттық спорт университеті Кампинас мемлекеттік университетімен өзара түсіністік және халықаралық академиялық алмасу туралы құжаттарға қол қойды.
✔ SDU University Лондон университетінің Биркбек колледжімен және Шэньян қалалық құрылыс университетімен стратегиялық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ Сассекс университетімен өзара түсіністік туралы меморандумдар жасасты.
✔ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Сан-Паулу мемлекеттік университетімен, Фейсалабад ауыл шаруашылығы университетімен және Китасато университетімен серіктестігін кеңейтті. Сонымен қатар Aero Next Global Pvt Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы құжатқа және Forza Roma Pharmaceutical, Sharua Kokshe компанияларымен үшжақты меморандумға қол қойылды.
✔ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен ынтымақтастықты тиісті құжаттармен бекітті. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Applied Science Private University университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
✔ А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты Индонезияның үш жоғары оқу орнымен – Universitas PGRI Madiun, Universitas Islam Riau және Universitas Singaperbangsa Karawang университеттерімен келісімдерге қол жеткізді. Құжаттар өзара түсіністікті нығайтуға, білім беру, ғылыми зерттеулер және қоғамдық қызмет салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
✔ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті International Cultural Communication Center Malaysia және Global Center for Innovation and Learning (АҚШ) ұйымдарымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойды.
Қол қойылған құжаттар халықаралық серіктестікті одан әрі дамытуға, білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және қазақстандық жоғары оқу орындарының шетелдік университеттермен әрі ұйымдармен бірлескен бастамаларын жүзеге асыруға негіз болады.

Comments