Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз филиалы. Жастар химия өнеркәсібіне баруда
- Вероника К.
- Aug 29
- 2 min read
Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті – химиялық технология саласындағы ең ірі ресейлік оқу және ғылыми-зерттеу орталығы, еліміздегі химия-технологиялық жоғары оқу орындары рейтингінің көшбасшысы. 2024 жылғы 5 шілдеде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде ашылған Д.И. Менделеев атындағы РХТУ-дың қазақстандық филиалы қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша оқыту шеңберінде студенттерге үздік ресейлік және қазақстандық профессорлар мен химик-практиктерден іргелі білім мен нақты дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Осы жоба аясындағы Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы екі елдің ғылым, технология және кадрлар даярлау саласындағы әріптестікті нығайтуға деген ұмтылысын растайды.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ, ГРАНТТАР ЖӘНЕ ОҚУ ҚҰНЫ
2025 жылы бакалавриаттың үш қос дипломды білім беру бағдарламасына қабылдау жоспарлануда:
• «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» – Қазақстан Республикасының білім беру гранттары есебінен 20 орын және ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар бойынша 10 орын (ақылы оқу құны 2 234 000 теңге).
• «Аналитикалық химия» – Қазақстан Республикасының білім беру гранттары есебінен 20 орын және ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар бойынша 10 орын (ақылы оқу құны 2 234 000 теңге).
• «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» – ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттар бойынша 10 орын (ақылы оқу құны 2 234 000 теңге).
Барлық бағдарламалар бойынша оқу мерзімі 4 жылды құрайды.
ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ЕМТИХАН КҮНДЕРІ
Қос дипломды бағдарламаға қабылдау үшін кемінде 50 балы бар ҰБТ сертификаты болуы қажет.
Бейіндік пәндер:
- «Аналитикалық химия» бағдарламасына қабылдау үшін химия-биология;
- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» бағдарламасына – математика-физика;
- «Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» бағдарламасына – математика-физика.
Егер ҰБТ сертификаты болмаса, оны қабылдағаннан кейін бір жыл ішінде алуға болады.
Сондай ақ тапсыру қажет болады:
- орыс тілінен ішкі емтихан 100-ден 40 балдан кем емес;
- химия пәнінен емтихан («Қоршаған ортаны инженерлік қорғау» бағдарламасына – химия немесе физика») 100-ден 39 балдан кем емес.
Оқуға түсер алдындағы сынақтар 2025 жылдың 18 тамызы мен 25 тамызы аралығында өтеді.
Оқуға тіркеу күні – 2025 жылғы 29 тамыз.
ОҚУ
Оқу Тараз қаласындағы жеке тұрған ғимаратта өтеді, мұнда индустриялық серіктес – «Қазфосфат» ЖШС оқу зертханаларын, конференц-залды, компьютерлік кабинеттер мен оқу кабинеттерін жөндеуден өткізіп, жабдықтады. Сондай-ақ, индустриялық серіктес бір студентке 30 мың теңге қосымша стипендия төлейді.
Студенттерге Д.И. Менделеев атындағы РХТУ ресурстарын пайдалану мүмкіндігі беріледі.
Студенттер Жамбыл облысының зауыттарында тәжірибеден өтеді, ал оқуды аяқтағаннан кейін кепілді жұмысқа орналасады.
ТҰРУ
Д.И. Менделеев атындағы РХТУ Тараз филиалының студенттері барлық санитарлық және тұрмыстық талаптарға сәйкес келетін қолайлы тұру жағдайларын ұсынатын № 1 жатақханада заманауи және ыңғайлы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ғимараттың жалпы ауданы 6302 шаршы метрді құрайды, бұл студенттерді оқуға және демалуға қажет барлық заттармен жабдықталған жайлы бөлмелерге орналастыруға мүмкіндік береді. Жатақханада тұру қызмет көрсетуге арналған ресми шарт негізінде жүзеге асырылады. Студенттерге ыңғайлы болу үшін жатақханада барлық жағдайлар жасалған: Wi-Fi, кір жуатын орындар, асүйлер, демалыс орындары және оқу кеңістігі бар.
Біздің филиалды таңдай отырып, сіз табысты оқуыңызға ықпал ететін жайлылықты, қауіпсіздік пен студенттік атмосфераны таңдайсыз!
БАЙЛАНЫСТАР
Тел.: +7 777 053 35 33, +7 707 305 76 27, + 7 707 447 01 27
Е-mail: priemkz@muctr.ru, pochtakz@muctr.ru
Мекенжайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7



Comments