ММХҚИ-дың Қазақстан Республикасындағы филиалы: бакалавриат және магистратура
- Редакция "СО"
- Jun 17
- 2 min read
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы жетекші оқу орындарының бірі. Оның түлектері әлемнің әртүрлі елдерінде маңызды орындарды иеленеді. ММХҚИ дипломаттар мен сыртқы саяси ведомстволардың қызметкерлері арасында жоғары беделге ие және ғылыми және оқу жұмыстарының бірқатар бағыттары бойынша Ресей мен ТМД республикаларының жоғары оқу орындарының қызметін үйлестіруші қызметін атқарады. ММХҚИ профессорлары халықаралық қатынастар, елтану, халықаралық құқық, халықаралық экономикалық қатынастар, саясаттану ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты, жүздеген оқулық пен мыңдаған ғылыми жұмысты (монографиялар, диссертациялар, сөздіктер) дайындап шығарды. Институтта мыңнан астам профессор мен оқытушы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада ММХҚИ-дың қазақстандық филиалының алғашқы студенттері мен магистранттарын оқыту басталады.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Бакалавриат
• Әлемдік минералдық-шикізаттық және энергетикалық нарықтар (6В041 Бизнес және басқару / 38.03.01 Экономика бағыты);
• Әлеуметтік-экономикалық және бизнес-процестерді талдау және модельдеу (6В041 Бизнес және басқару / 38.03.05 Бизнес-информатика бағыты).
Магистратура
• Қаржы экономикасы және қаржы технологиялары (7М041 Бизнес және басқару / 38.04.01 Экономика бағыты);
• Көпжақты институттар және жаһандық технологиялық дамуды басқару (7М071 Инженерия және инженерлік іс/ 27.04.03 жүйелік талдау және басқару бағыты).
Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу мерзімі – 4 жыл, магистратура бағдарламалары бойынша – 2 жыл.

ОҚУҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Оқуға түсу Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, төменгі шекті балл – 65.
ГРАНТТАР
2025–2026 жылдарға бакалавриатқа түсушілер үшін әр бағдарламаға 30 гранттық орын, магистратураға – бағдарламаға 20 гранттық орын көзделген.
Ақылы оқыту нысаны да қарастырылған. Құны жақын арада жарияланады.

ОҚУ ЖӘНЕ ТҰРУ
Оқу Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтеді. Бағдарламаларды ММХҚИ оқытушылары, сондай-ақ ММХҚИ әдістемелері мен стандарттарына қайта даярлаудан және оқытудан өткен қазақстандық оқытушылар іске асыратын болады.
Студенттердің ММХҚИ-дың ресейлік кампустарында екі семестр бойы болуы, ал магистратура студенттері үшін-2-3 айға созылатын ресейлік модульде болуы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Білім беру бағдарламасын сәтті игергеннен кейін Қазақстандағы ММХҚИ филиалының студенттеріне Ресей Федерациясының аумағында берілетін ММХҚИ дипломына ұқсас мемлекеттік үлгідегі ресейлік диплом беріледі.
БАЙЛАНЫСТАР
Тел.: +7 (7172) 709-500 (31-201)
Электрондық мекенжайы: astana@inno.mgimo.ru
Мекенжайы: Астана қаласы, Сәтбаев көшесі, 2

Comments