top of page
Search

Plug аnd Play Tech Center және Ғылым қорының ынтымақтастығы

12.03.2024.


Ғылым қоры «PLUG AND PLAY Tech CENTER» инновациялық платформасының өкілдерімен кездесті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Фонд науки РК Plug аnd Play Tech Center

PLUG AND PLAY Tech CENTER - бұл стартаптарды, корпорацияларды, венчурлық фирмаларды, ЖОО мен мемлекеттік мекемелерді біріктіретін алаң. Компания штаб-пәтері Кремний алқабында орналасқан бес континентте 40-тан астам жерде ұсынылған.


Орталықтың әртүрлі салаларға инновацияларды енгізуге арналған жеке венчурлық қоры бар, олар Dropbox, Guardant Health, Honey, PayPal сияқты жүздеген табысты компанияларға инвестиция салды.


Plug and Play Tech center перспективалы корпорациялармен, мемлекеттік мекемелермен, университеттермен, сондай-ақ венчурлық қорлармен және стартаптармен ынтымақтастыққа ұмтылады.


Кездесу барысында Ғылым қоры венчурлық қаржыландыру аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, жеделдету тетіктері мен DeepTech жобалары, оларды экспорттау және одан әрі кеңейту мәселелеріне тоқталды.


Тараптар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.


Бұдан бөлек, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Ақатов Сауд Арабиясының зерттеулер, даму және инновациялар агенттігінің вице-президенті Abdulrahman Alsufiany (Research Development and Innovation authority) кездесу өткізді.


Кездесу барысында тараптар кооперация, қолданбалы ғылыми жобаларды коммерцияландыру мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ зияткерлік меншік бөлігінде өзара іс-қимыл жасау, венчурлық инвесторларды тарту, отандық жобалардың экспортын іске асыру және оларды халықаралық нарықта ілгерілету мүмкіндіктерін қарады.


Агенттік бұл бағытта Ғылым қорымен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

bottom of page