QS 2026 рейтингі: Abai University 43 позицияға көтерілді
- Редакция "СО"

- Jun 19
- 1 min read
Бүгін жарияланған әлемнің ең беделді жоғары оқу орындары рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings 2026 нәтижелері бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) елеулі өсім көрсетіп, өз позициясын айтарлықтай жақсартты.

Жаңа рейтингте Abai University 628-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда бірден 43 позицияға жоғары көтерілді (671-680 аралығы). Осылайша, университет әлемнің үздік 650 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы үздік 5 университетінің бірі ретінде өз орнын нығайтты.
Abai University QS рейтингі көрсеткіштері бойынша оң серпінге ие: оқытушылар мен студенттер арақатынасы, жұмыс берушілер арасындағы бедел, шетелдік оқытушылар үлесі.
Ұзақ мерзімді Даму бағдарламасына сәйкес, Abai University әлемдік жоғары білім берудің жаңа келбетін қалыптастыруға белсене қатысуды көздей отырып, Қазақстандағы педагогикалық білім беру саласындағы көшбасшы ретіндегі позициясын нығайта түсуде.
Университеттің халықаралық рейтингтердегі орнының тұрақты түрде жақсаруы – білім сапасын арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, халықаралық әріптестікті нығайту және қазақстандық жоғары білімді жаһандық академиялық кеңістікке ілгерілету бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Анықтама үшін: QS WUR 2026 рейтингінде биыл Қазақстаннан 20 университет ұсынылған, олардың ішінде 3 жаңа жоғары оқу орны бар. Бұл - еліміздің жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің артып келе жатқанын білдіреді.




Comments