top of page

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

«Қазіргі әлемде білім шекараны білмейді, ал университеттер халықаралық өзара әрекеттесудің флагманы болуға тиіс», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев жоғары білім беруді интернационалдандырудың маңыздылығына назар аудара отырып. Халықаралық ынтымақтастық – қазіргі заманғы университет стратегиясының ажырамас элементі. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстан мен әлемдік білім беру кеңістігі арасындағы зияткерлік көпір позициясын нығайта отырып, осы бағыттың табысты іске асырылып жатқанын көрсетеді.

 

Халықаралық серіктестіктер: келісімдерден нәтижелерге дейін

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ 35 елдің жоғары оқу орындарымен және ғылыми мекемелерімен 200-ден астам халықаралық келісім жасасты. ЖОО Erasmus+, Greenpeace, DEAD, TWINNING (WOAH), FAO Learning Academy халықаралық жобаларына, сондай-ақ АҚИҰ мен БҰҰДБ-ның бірқатар бастамаларына қатысады. Франция, Түркия, Германия, Қытай және Ресей университеттерімен бірлесіп агробизнес, тұрақты туыл шаруашылығы және цифрлық егіншілік саласында қос дипломды бағдарламалар жүзеге асырылуда.

 

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

Ғылыми зертханалар мен инновациялық орталықтар

Қазіргі заманғы университеттерде ғылыми зертханалар мен инновациялық орталықтарды дамыту ғылыми әлеуетті нығайтудың және жаһандық зерттеу кеңістігіне интеграциялаудың негізгі элементі болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі, экология және тұрақты ауыл шаруашылығы салаларындағы қарқынды технологиялық өзгерістер мен өсіп келе жатқан сын-қатерлер жағдайында мұндай құрылымдар инфрақұрылымның бір бөлігіне ғана емес, білім трансферінің, жаңа буын кадрларын даярлаудың және пәнаралық зерттеулер жүргізудің стратегиялық құралдарына айналады.

Заманауи ғылыми орталықтардың болуы университеттің халықаралық тартымдылығын едәуір арттырып, әріптестік спектрін кеңейтеді және Қазақстанның өңірдің ғылыми-білім беру хабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

2024-2025 жылдары университет ғылыми инфрақұрылымды белсенді дамытып, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда:

• Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Харбин ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтымен (CAAS, Қытай) бірлесіп құрылған Халықаралық ветеринарлық зертхана.

• Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Greenpact бастамасының қолдауымен ашылған Цифрлық аграрлық шешімдер орталығы.

• Шыңжаң аграрлық университетімен және Хохай университетімен (ҚХР) бірлесіп құрылған Су ресурстарын тиімді пайдалану және өзендер мен көлдерді сақтау жөніндегі қытай-қазақстан зерттеу зертханасы. Зертхана суды ұтымды пайдаланудың инновациялық технологияларын, экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру әдістерін әзірлеумен, сондай-ақ бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асырумен айналысады.

• Оңтүстік-Батыс университетімен (ҚХР) серіктестікте құрылған Өсімдік шаруашылығы жөніндегі қытай-қазақстан зерттеу зертханасы өсімдіктердің әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделуі үшін олардың генетикалық әртүрлілігін зерделеуге, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізудің сараланған жүйелерін әзірлеуге, дақылдардың жай-күйін мониторингілеу үшін цифрлық технологияларды қолдануға, сондай-ақ зиянкестермен және өсімдік ауруларымен күресудің биологиялық әдістерін зерттеуге бағытталған.

• «Цзиньшахэ» корпорациясымен, ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігінің азық-түлік және тамақтануды дамыту институтымен және Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) бірлесіп ұйымдастырылған Астық сапасын айқындау жөніндегі қазақстан-қытай инновациялық орталығы.

FAO Corner, БҰҰ (ФАО) Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының жаһандық білім беру ресурстарына және сертификатталған онлайн курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру платформасы жұмыс істейді.

Аталған орталықтардың барлығы ғылыми әзірлемелерді практикаға біріктіруге, жоғары білікті зерттеу кадрларын даярлауға және тұрақты аграрлық даму саласындағы құзыреттерді арттыруға бағытталған.

 

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

Академиялық ұтқырлық: көкжиектерді кеңейту

Жаһандану және цифрлық трансформация жағдайында академиялық ұтқырлық – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың ажырамас шарты. Бұл білім мен тәжірибе алмасу тәсілі ғана емес, сонымен қатар университеттерге жаңа білім беру және ғылыми шекараларға шығуға мүмкіндік беретін қуатты халықаралық интеграция құралы. Академиялық ұтқырлық студенттердің жаһандық ойлауын қалыптастыруға, кәсіби және мәдениетаралық құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ елдер арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтады. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сияқты университеттер үшін бұл сондай-ақ ғылыми әлеуетті күшейту, озық білім беру практикаларын енгізу және халықаралық рейтингтердегі позицияларды нығайту мүмкіндігі.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары ішкі және сыртқы контурларды қамтиды. 2023-2024 жылдары С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың 100-ден астам студенті мен оқытушысы халықаралық тағылымдамалар мен алмасуларға қатысты.

Германиядағы ауылшаруашылық тәжірибесі аясында 59 студент DEULA Nienburg және LOGO-да өсімдіктерді биологиялық қорғауды, органикалық егіншілікті және АӨК инновацияларын зерттей отырып оқыды.

 

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

Студенттік ортаны интернационалдандыру

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-да Ауғанстан, Германия, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Нигерия, Пәкістан, Польша, Ресей, Тәжікстан, Танзания, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея сияқты елдердің студенттері оқиды.

Университет ағылшын тілді бағдарламаларды ұсынады, қос дипломды және бірлескен магистратураларды белсенді дамытады.

Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ ректоры Қанат Тіреуов: «Біздің мақсатымыз – әрбір студент өзін жаһандық академиялық қоғамдастықтың бір бөлігі ретінде сезінетін жағдай жасау», - деп атап көрсетеді.

 

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

Ғылыми дипломатия және цифрлық бастамалар

Қазіргі жағдайда аграрлық университеттер ғылыми дипломатияны – жалпы зерттеулер мен академиялық бастамалар негізінде елдерді біріктіруге қабілетті жұмсақ күш құралын нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Ұтқырлықты басқару үшін онлайн курстарды, цифрлық дерекқорларды және платформаларды пайдалану білімге қолжетімділікті кеңейтіп қана қоймайды, сонымен қатар университеттің білім мен ғылым саласындағы әлемдік тенденцияларға сәйкестігін көрсетеді.

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ сонымен қатар білім беру ортасының цифрлық трансформациясына ықпал ететін Learning Technologies (Ұлыбритания) және EduTech Asia (Сингапур) сияқты халықаралық форумдар мен көрмелерге қатысады. Университет қашықтықтан оқыту, ғылыми жарияланымдарды цифрлық тіркеу (AGRIS), ұтқырлықты басқаруды автоматтандыру (Platonus) және басқа да цифрлық платформалар технологияларын енгізуде.

 

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ: бейбітшілік векторы – интернационалдандыру дамудың кілті ретінде

Қазақстан өңірлік білім беру хабы ретінде

С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Қазақстанды халықаралық студенттер мен зерттеушілерді тарту орталығына айналдыру бағытын жүзеге асыруға үлес қосады. Тұрақты дамуға, білім беру сапасына, академиялық ұтқырлыққа және цифрландыруға стратегиялық назар аудару университетті аймақтық көшбасшылықтың үлгісіне айналдырады.

Жоғары білім беруді интернационалдандыру – бұл жай ғана тренд емес, ХХІ ғасырдағы университеттердің дамуының қажетті шарты. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ халықаралық ынтымақтастыққа жүйелі көзқарас арқылы білім берудің жаңа сапасын қалыптастыруға және Қазақстанның өңірлік білім беру хабы ретіндегі беделін нығайтуға болатынын көрсетеді.

 

АННОТАЦИЯ

Системный подход КазАТИУ им. С. Сейфуллина к международному сотрудничество формирует новое качество образование и способствует укреплению имиджа Казахстана как регионального образовательного хаба. На данный момент вузом подписаны соглашения с 200 университетами разных стран мира. Университет предлагает англоязычные программы, активно развивает двудипломные и совместные образовательные программы магистратуры.

 

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page