Seifullin University Қытай университеттерімен майлы дақылдар бойынша бірлескен зертхана ашуға уағдаласты
- Редакция "СО"

- 9 hours ago
- 1 min read
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне қарасты «Агротехнопарк» директоры Ержан Айнабеков Қытай Халық Республикасында орналасқан HUATAI компаниясының өндірістік базасында өткен майлы дақылдарды өңдеудің заманауи технологиялары мен салалық ынтымақтастықты дамытуға арналған халықаралық семинарға қатысты.

Аталған сапар Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы мен Seifullin university арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Қазақстаннан 14 адамнан құралған делегация қатысты. Делегация құрамында май өңдеу кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, сондай-ақ Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығының өкілдері болды.
Семинар аясында Ержан Тоқтасынұлы майлы дақылдарды өңдеудің озық технологияларымен танысып, өндірістік нысандарды аралады. Сонымен қатар қытайлық компания өкілдерімен кәсіпорындарды жаңғырту, өндіріс тиімділігін арттыру және май өңдеу саласын одан әрі дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша технологиялық жабдықтарды жеткізу жөнінде келісімдерге қол жеткізіліп, Қазақстан мен Қытайдың салалық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған уағдаластықтар жасалды.
Сапар барысында Seifullin University, Ухань университеті және Хэнань университеті арасында майлы дақылдар саласында бірлескен ғылыми зертханалар құру және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жөнінде келісімге келді. Бұл бастама ғылыми зерттеулерді дамытуға, жоғары білікті мамандар даярлауға және агроөнеркәсіптік кешенге инновациялық технологияларды енгізуге тың серпін береді.
Осындай халықаралық ынтымақтастық жобалары Қазақстанның май өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірісте заманауи технологияларды кеңінен енгізуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-өндірістік әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді.



Comments