top of page

Көліктің және инфрақұрылымының болашағын өзгертетін технологиялар. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі Лу Бань Шеберханасы

Updated: Aug 29

ree

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен) соңғы жылдары әлемнің жетекші білім беру мекемелерімен және өнеркәсіптік орталықтарымен стратегиялық әріптестік орната отырып, халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Табысты әріптестіктің ең жарқын мысалдарының бірі – көлік саласының жоғары технологиялары бағытында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында іске асырылатын Лу Бань Шеберханасы жобасы шеңберінде ШҚТУ-дың ҚХР Тяньцзинь кәсіби институтымен ынтымақтастығы. Лу Бань Шеберханасы 2023 жылғы желтоқсанда Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекетаралық келісім шеңберінде құрылды. 2024 жылдың ақпан айында оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев келіп кетті.

ВКТУ имени Д. Серикбаева

Лу Бань Шеберханасында оқудың артықшылықтары туралы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры – басқарма мүшесі Әсия Машекенова баяндайды:

– Лу Бань Шеберханасы – бұл инженерлік білім берудегі ең жақсы тәжірибелер менинновациялық тәсілдерді біріктіретін бірегей білім беру және ғылыми орталық.

Осы әріптестікшеңберінде екі негізгі: «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

Бұлбағдарламалар электромобильдер мен гибридті автомобильдер, интеллектуалды көлік жүйелеріжәне экологиялық таза технологиялар сияқты жаңа технологияларды енгізуге баса назар аудараотырып, көлік саласына мамандарды даярлауға бағытталған.

Лу Бань Шеберханасы Қазақстандағы шетелдік ЖОО өкілдігі мәртебесінде жұмыс істейді,бұл студенттерге елден шықпай-ақ халықаралық білім беру стандарттары бойынша білім алуғамүмкіндік береді, ал бұл қазақстандық студенттер үшін бірқатар артықшылықтарды ашады:

– халықаралық білім беру бағдарламаларына қолжетімділік;

– заманауи жабдықтар мен инновациялық технологиялар;

– халықаралық тәжірибе және білім алмасу;

– қазақстандық студенттердің болашағы;

– әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік;

– академиялық ұтқырлық.

Министр в ВКТУ имени Д. Серикбаева

Лу Бань Шеберханасының басты ерекшеліктерінің бірі – студенттер мен оқытушыларға көлікмашиналарын жасау саласындағы ең заманауи технологияларға және автомобильдердің смарт-технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін озық инженерлік шешімдерді біріктіру.

ЛуБань Шеберханасы роботтандырылған жүйелерді, автономды көлік құралдарын, гибридті жәнеэлектрлік автомобильдерді, сондай-ақ болашақтың процестері мен технологияларын модельдеугеғана емес, сонымен қатар нақты жобалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін смарт қозғалыстыбасқару жүйелерін қамтитын инновациялық жабдықтармен жабдықталған.
Лу Бань в ВКТУ имени Д. Серикбаева

Осындай технологиялар арқылы студенттер көлік ағындарын оңтайландыруды, кептелісті азайтуды, әртүрлі көлік түрлері арасындағы үйлестіруді жақсартуды және қалалардағы экология мен энергия тиімділігін жақсарту үшін ақылды шешімдерді енгізуді зерделей алады. Студенттер мұндай шешімдерді жобалауды және енгізуді ғана емес, сонымен қатар олардың азаматтардың күнделікті өміріне әсерін бағалауды үйренеді, бұл олардың бойында ақылды инфрақұрылым саласында бірегей жұмыс дағдыларын қалыптастырады. Лу Бань Шеберханасы негізінде алынған құзыреттер студенттердің сұранысын күшейтеді, сонымен қатар оларға тұрақты көлік шешімдерін жүзеге асыруда және интеграцияланған ақылды экожүйелерді құруда негізгі позицияларды алуға мүмкіндік береді.

Лу Бань Шеберханасының жасанды интеллект негізіндегі смарт-технологиялар мен техникалық жүйелерді, соның ішінде ADAS, IoV және автопилоттауды терең зерделеу бойынша кең мүмкіндіктері университетке көлік саласында ғылымды қажетсінетін AI бағыты бойынша мамандар даярлауды бастауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда,

«Көлік машина жасаудағы смарт-технологиялар және жасанды интеллект» (бакалавриат) жаңа білім беру бағдарламасы бойынша IT-мамандарды даярлау басталды.

Лу Бань Шеберханасында сабақ өткізетін оқытушылар екі рет шетелдік серіктес ЖОО – Тяньцзинь кәсіптік институтында тереңдетілген тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында Лу Бань Шеберханасында орналасқан барлық оқу-жаттығу технологиялық кешендері зерделенді.

Тяньцзинь кәсіби институтымен ынтымақтастық студенттерге CATARC Intelligent and Connected Technology Co., Ltd және Қытайдың басқа кәсіпорындары сияқты университеттің ірі серіктес компаниясы негізінде тағылымдамадан өтуге және тәжірибе жинақтауға бірегей мүмкіндіктер ашады. Қытайлық компаниялар базасында практикалық оқу және халықаралық жобаларға қатысу болашақ мамандар үшін жаңа көкжиектер ашады, бұл оларға жоғары технологиялар мен көлік саласындағы жетекші елдердің бірінің тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

Лу Бань Шеберханасының технологиялық мүмкіндіктері туралы Д. Серікбаеватындағы ШҚТУ «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасының жетекшісі Мұрат Мұздыбаев баяндайды:

– Оқу-жаттығу сервистік кешені ішкі жану қозғалтқыштары, электр және гибридті күштік қондырғылар негізінде электр қондырғыларымен жабдықталған заманауи автомобильдердің конструкцияларын және диагностикалық технологиялары мен сервистерін зерттеуге бағытталған. Ол үшін оқу зертханасында (оқу сервис-орталығында) жаңа (2023 жылы шыққан) толық жиынтықты автомобильдер – Haval M6 plus бензинді автомобилі, Haval H6 PHEV гибридті автокөлігі, BYD Qin plus электромобилі бар. Электромобиль басқару жүйесінің жаңа «8-in-1» технологиясы бар қуат блогының озық дизайнымен, сондай-ақ BYD шығарған литий-темір-фосфатты аккумулятордың заманауи «Blade» энергия тиімді технологиясымен ерекшеленеді. Haval H6 PHEV гибридті көлігі жетілдірілген DHT гибридті беріліс қорабының болуымен, сондай-ақ қуат блогының, қайта зарядталатын батареяның, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігінің озық смарт технологияларының интеллектуалды жұмысын басқаруды қамтамасыз ететін жетілдірілген смарт мүмкіндіктердің толық жабдықталуымен ерекшеленеді.

Стажировка в Китае 2024 Лу Бань в ВКТУ имени Д. Серикбаева

Тағы бір маңызды элемент – интеграцияланған интеллектуалды ақылды жол қозғалысыжүйесі бар «ақылды» қаланың макеті. «Ақылды» қаланың макетінде жол қозғалысын реттеудіңтехникалық құралдарымен жабдықталған дамыған жол желісі, сенсорлық датчиктермен жәнеақылды басқару жүйесімен жабдықталған дрондар бар. Қозғалысты үйлестіру көрсетілгенбастапқы деректерге сәйкес қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтай отырып, зияткерлік жүйемен дербес режимде қамтамасыз етіледі.

Лу Бань Шеберханасында оқу барысында біздің студенттер Қазақстан үшін бірегей болып табылатын таңдаған мамандықтары бойынша білім алады.

Қазіргі уақытта университет түлектерімізді жұмысқа орналастыру көзделіп отырған жетекші бейінді компаниялармен және автозауыттармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Сонымен қатар, «Allur Auto» ЖШС студенттерді оқытудың аяқталуын күтпей, ШҚТУ-мен мамандарды дуальды даярлау туралы келісім жасасты. Біздің студенттердің жетістіктерін 2024 World Vocational College Skills Competition Group Stage чемпионатында біздің команда жеңіп алған 3 орын (қола медаль) көрсетеді.

ree

Құрметті болашақ студенттер!

Егер сіз әлемдік технологиялардың бір бөлігі болуды, көліктік машина жасау жәнеавтомобильдердің смарт-технологиялары саласындағы ең озық әзірлемелерді игерудіармандайтын болсаңыз, Лу Бань Шеберханасы – бұл сіздің халықаралық стандарттар бойынша оқуды бастауға және жоғары білікті маман болуға мүмкіндігіңіз.

Мұнда, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасындасіз тек білім алып қана қоймай, әлемдік жетекші компаниялар қолданатын заманауи жүйелермен жұмыс жасайтын боласыз. Теориялық білім мен практикалық тәжірибені біріктіретін, сондай-ақ ірі қытайлық және қазақстандық кәсіпорындарда тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу үшін есік ашатын бағдарлама бойынша оқудың бірегей мүмкіндігін пайдаланыңыз.

Егер сіз озық технологияның алдыңғы қатарында болып, көлік пен инфрақұрылымның болашағын өзгерту мүмкіндігіне ие болғыңыз келсе, Лу Бань Шеберханасына қосылыңыз.

Біз сіздер сияқты өршіл, жетістікке жетуге ұмтылатын және жаңа сынақтарға дайын адамдарды күтеміз!


 


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page