top of page

TALQYLAU алаңында білім мен инновация тақырыбында отырыс өтті

«Қазақстан – білім және инновациялар мекені» тақырыбында TALQYLAU диалог алаңының отырысы өтті. Сараптамалық талқылау форматында ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.


На площадке TALQYLAU обсудили вопросы образования и инноваций

«TALQYLAU алаңында біз халқы шамамен 2 миллиард адамды құрайтын, оның ішінде жастардың үлесі жоғары аймақ аясындағы Қазақстанның стратегиялық орны туралы сөз қозғадық. Бұл – білім беру, ғылым және болашақ көшбасшыларды даярлау үшін ауқымды кеңістік, – деді Саясат Нұрбек.


Қазақстан үшін қолайлы мүмкіндіктер қалыптасып келеді. Географиялық орналасу, демографиялық әлеует және жаһандық білім беру кеңістігінің трансформациясы біз үшін Еуразияда күшті білім және ғылым хабын қалыптастыруға жағдай жасап отыр.


Бүгінгі таңда елдер арасындағы бәсеке адами капитал төңірегінде өрбіп отыр. Университеттер, ғылым және қолданбалы зерттеулер ұзақмерзімді даму, экономикалық өсім және технологиялық егемендіктің негізгі факторларына айналуда.


Талқылау Парламент депутаттары, университеттер басшылары, зерттеу орталықтарының өкілдері, бизнес пен технологиялық қауымдастық қатысқан сараптамалық аудиторияда өтті. Мұндай формат басымдықтарды үйлестіруге және жүйелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


Сөз болған ұстанымдар Мемлекет басшысының көзқарасымен үндес. Ол гуманитарлық мағыналар мен құндылықтардың, ғылым мен білімнің дамуына, сондай-ақ технологиялар мен жасанды интеллекттің адам мен қоғам игілігіне қызмет етуіндегі рөліне айрықша мән беріп келеді.


Білім берудің құндылықтық өлшеміне ерекше назар аударылды. Технологиялар, жасанды интеллект және инновациялар адамның рөлін күшейтіп, білімге қолжетімділікті кеңейтеді және қоғам мүддесіне қызмет етеді. Білімге, ғылымға және халықаралық ынтымақтастыққа салынған инвестициялар Қазақстанның болашақтағы бәсекеге қабілеттілігінің негізін қалыптастырып, аймақ жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады».

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page