Абай облысы әкімінің гранты
- Редакция "СО"
- 3 hours ago
- 2 min read
Абай облысында 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жергілікті атқарушы органдар тарапынан 245 грант бөлінді, оның ішінде: педагогикалық мамандықтарға - 71 грант (бакалавриат); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпаратқа - 8 грант (бакалавриат); бизнес, басқару және құқыққа - 40 грант (бакалавриат); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға - 11 грант (бакалавриат); ақпараттық-коммуникациялық технологияларға - 10 грант (бакалавриат); инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына - 12 грант (бакалавриат); ауыл шаруашылығы және биоресурстар, ветеринарияға - 5 грант (бакалавриат); медициналық мамандықтарға - 40 грант (бакалавриат); қызметтерге - 3 грант (бакалавриат) және 45 грант медициналық мамандықтарға (резидентура).

Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау (әкімінің гранты) конкурсына қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясында жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың тамыз айында конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда грант иегерлері айқындалады. Грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін Абай облысы білім басқармасының сайтында жарияланады.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау (әкімінің гранты) конкурсына ҰБТ тапсырып, шекті балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
Жоғары оқу орындарына түсудің шекті баллдары:
- «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы үшін кемінде 75 балл,
«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» саласы бойынша кемінде 70 балл,
- «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл,
- басқа жоғары оқу орындары кемінде 50 балл жинауы керек.
Грантты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26-шілдедегі № 357 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» бұйрығымен айқындалған тұлғаларды қабылдау квотасының мөлшері ескеріледі.
ЖАО қаражаты есебінен грант негізінде түскен азаматтармен Абай облысының аумағында кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасалады.
ЖАО гранты бойынша толық ақпаратты ЖОО-ның қабылдау комиссияларынан (87475450562- Рахимгалиева Пакизат Сармановна, «Семей Медицина университеті» КеАҚ жауапты хатшысы, 8 -700-643-43-56- Рахимжанова Гульмира Амиржановна, Alikhan Bokeikhan University жауапты хатшысы, 8 777 196 24 42- Ахметов Куаныш Дулатович, «Шәкәрім университеті» КеАҚ жауапты хатшының орынбасары), сонымен қатар келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
8 778 738 61 00 - Абай облысы білім басқармасының бас маманы Жақыпова Гүлмира Сайпашқызы (бакалавр бойынша);
8 708 103 71 40 - Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы - Тұрарова Эльмира Мерхатқызы (резидентура бойынша).
Comentarios