top of page

Абай университетінде Оңтүстік Кореяның Кангвон ұлттық университеті

Абай университетінде Оңтүстік Кореяның Кангвон ұлттық университетінің делегациясымен кездесу өтті.


Абай университетінде Оңтүстік Кореяның Кангвон ұлттық университеті

Қос тарап академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерді оқыту шарттарын, екіжақты өзара іс-қимылды дамыту көкжиегін кеңейтуге уағдаласты. Келешекте бакалавр және магистратура білім алушыларына бірлескен қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.


Кангвон ұлттық университеті Халықаралық ынтымақтастық орталығының бөлім басшысы Бен Юн Че және Каннин Вондж университетінің жетекшісі Ан Сан Мен Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орнымен әріптестік байланысты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Академиялық ұтқырлық аясында студенттер алмасуға, маман даярлау сапасын арттырып, бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті.


Еске сала кетсек, биылғы жылы ақпан айында университеттер ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Соның нәтижесінде қыркүйек айынан бастап академиялық ұтқырлық бағдарламасының жүзеге асқаны белгілі. Сондай-ақ, қазіргі таңда Абай университетінің студенттері Оңтүстік Корея елінде білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.


Келіссөз қорытындысы бойынша, тараптар уағдаластықты одан әрі дамытуға дайын екенін білдіріп, Абай атындағы ҚазҰПУ және Кангвон ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты қадамдарды белгіледі.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page