top of page

Аграрлық саладағы үздік студенттер республикалық «AgroSkills-2025» байқауында анықталады

Қостанай облысының Әулиекөл ауылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында кәсіби шеберлік бойынша республикалық «AgroSkills-2025» байқауы басталды – деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


ree

Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген үздік студенттер қатысуда.


Қатысушылар «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетуде. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы техникасын басқару, жабдықтарды диагностикадан өткізу және жөндеу, заманауи цифрлық технологияларды қолдану сияқты өндірістік жағдайға жақын тапсырмаларды орындауда.


Екі күн ішінде студенттер тек білімдері мен дағдыларын көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби машықтарға ие болады. 30 қыркүйекте жеңімпаздар анықталып, үздік қатысушылар марапатталады.


Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page