Азаматтық авиация академиясының өкілдері Қырғыз Республикасында өтетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысады
2026 жылғы 19–20 қарашада Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) Дүниежүзілік ғылым күніне арналған іс-шаралар аясында И. Абдраимов атындағы Қырғыз авиация институты ұйымдастырған «Қазіргі азаматтық авиациядағы ҚАЖҚ: тәуекелдер, технологиялар, практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияға «Азаматтық авиация академиясы» АҚ өкілдері — Көшеков Абай Қайратұлы мен Қуанов Ерқанат Ерболұлы қатысады.
Академия өкілдерінің қатысуы ұшу қауіпсіздігін басқару, авиациялық тәуекелдерді бағалау және басқару, адами фактор, авиация саласын цифрландыру, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдану және ұшқышсыз авиациялық жүйелерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заманауи ғылыми-практикалық тәжірибені зерделеуге және алмасуға бағытталған.
Ерекше назар ұшқышсыз авиациялық технологияларды дамыту және оларды заманауи азаматтық авиацияға интеграциялау мәселелеріне аударылады. Бұл бағыттар Академияның ғылыми-зерттеу қызметіне, атап айтқанда BR28713125 «Әуе көлігіндегі қауіпсіздікті арттыру үшін ұшқышсыз технологияларды және ұшу алдындағы бақылаудың интеллектуалды робототехникалық жүйесін әзірлеу және енгізу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыруға тікелей қатысты.
Конференция аясында Академия өкілдері шетелдік мамандардың өзекті тәсілдерімен және практикалық шешімдерімен танысуға, ғылыми және кәсіби қауымдастық өкілдерімен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ одан әрі халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік алады.
Алынған білім мен кәсіби байланыстарды Академияның одан әрі ғылыми-зерттеу жұмысында, әзірленіп жатқан ұшқышсыз технологияларды және әуе көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған интеллектуалды робототехникалық жүйелерді жетілдіруде пайдалану жоспарлануда.
Халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу Академияның ғылыми әлеуетін дамытудың, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің және заманауи технологиялық шешімдерді азаматтық авиацияға енгізудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Comments