Мектепке дейінгі білім берудегі даму құралы ретіндегі робототехника
- Ален Ерболұлы

- 18 hours ago
- 3 min read

Технологиялардың дамуымен білім беру жүйесі де өзгеріп, жаңа шешімдерді уақтылы енгізуді талап етуде. Цифрландыру мен автоматтандыру дәуірі келген кезде балабақшадан бастап робототехниканы оқыту оқытудың ажырамас бөлігіне айналуда. Мұндай жас кезеңінде бұл шынымен де соншалықты қажет пе? Иә деп есептейміз. Өйткені балалар өздеріне қолжетімді ойын түрінде әртүрлі орта мен жағдайларды модельдей отырып, бастапқыда технологияларды таным мен жасампаздық үшін пайдалануға дағдыланады және өздеріне міндетті түрде қажет болатын білім мен дағдыларды игереді.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш сыныптардан бастап оқу үдерісінде дағдарысты байқауға болады. Оның салмақты себептерінің бірі – технологиялардың дамуы, дәлірек айтсақ, оларды бақылаусыз пайдалану, өйткені мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының негізгі бөлігі гаджеттер мен интернетке еркін қол жеткізе алады. «Лаборатория Касперского» жүргізген сауалнамалардың бірі балалардың 88%-ында жеке смартфон бар екенін көрсетті. Осы балалардың 28%-ы барлық бос уақытын сонда өткізеді.
Көпшілігі балаларға гаджеттер білім беру мақсатында қажет деп айтуы мүмкін. Алайда зерттеулердің бірі – The Common Sense Census 2025 – балалардың экран алдындағы уақытын көрсететіn статистиканы ұсынады. Одан біз балалардың экран алдындағы уақытының
60%-ы тек видеолар мен ТД, атап айтқанда мультфильмдер, челлендждер мен блогерлерді көруге кететінін көре аламыз. Бұл контентті қарау ешқандай білім беру немесе танымдық сипатқа ие емес. Медиаконтентті көргеннен кейін мектепке дейінгі балалар экран уақытының 26%-ын алатын ойындарға уақыт жұмсайды.

Робототехника білім деңгейі мен сабаққа деген қызығушылықты арттыруға қалай ықпал ете алады?
Барлығымыз балалар теориялық ақпаратты мұғалімнен алып, содан кейін тәжірибеге көшіп, қағаздан және басқа да қолда бар заттардан тақырыпқа сай қолөнер туындыларын жасайтын шаблонды сабақтарға үйреніп қалғанбыз. Бұл сабақтар баланың ұсақ моторикасын дамытып, қолөнер жасауға үйреткенде сөзсіз өз пайдасын тигізеді.
Бірақ заманауи балалар үшін технология тақырыбы табиғи түрде жақын. Сабақтарға, мысалы, электронды компоненттері бар LEGO конструкторы сияқты атрибуттар қосылған кезде, баланың танымдық қызығушылығы арта түседі.
Ол өз қиялына арналған мүмкіндіктердің үлкен алуан түрлілігімен және өзін қызықтыратын зияткерлік міндеттермен бетпе-бет келеді, сондай-ақ өз ойына сәйкес әртүрлі әрекеттерді орындайтын робот пен бағдарлама түріндегі нәтижені көре алады.
Робототехника табиғатқа, ғылымға және т.б. қатысты тақырыптар өтілетін сабақтарға тамаша кіріктірілее алады.
Мысалдарды көп келтіруге болады, көрнекілік үшін тақырыптардың бірін алайық: табиғи катаклизмдер – жер сілкінісі. Бастапқыда мұғалім бұл катаклизм туралы теорияны қарапайым тілмен түсіндіреді, содан кейін оқушыларға роботты жинауға арналған нұсқаулық беріледі. Балалар жер сілкінісінің объектілерге әсер ету сызбасын түсінуі үшін жер сілкінісін имитациялайтын робот тамаша таңдау болады. Сабақтың келесі кезеңі блоктық бағдарламалау ортасында қарапайым алгоритмді жазу болып табылады, оның көмегімен робот бағдарламаланған әрекеттерді орындайды. Барлық кезеңдерден кейін бұл табиғи құбылыстың қалай болатынын, дүмпулердің құрылымның беріктігіне қалай әсер ететінін көрнекі түрде көрсетуге болады.

Білім беру робототехникасымен қатар, мектепке дейінгі жастағы балалар жобалық пәндерден бастап робо-сумоға дейінгі түрлі бағыттарда өздерін сынай алатын спорттық робототехниканы да пайдалануға болады. Мұндай сабақ түрі жарыстардың бірінде жоғары дайындық арқылы оқу жылдамдығын арттыра алады, өйткені бұл оқушылардан қысқа мерзімде тапсырмаларды шешу үшін жоғары концентрация мен тапқырлықты талап етеді.
Бұдан басқа, оқушылар күйзеліске төзімді, жауапты болуға үйренеді, өйткені тұсаукесерлер кезінде немесе жекпе-жектерде оқытушыға қатысуға рұқсат етілмейді, тек бағыт-бағдар беруге ғана рұқсат етіледі. Оқушылар қандай стратегияны қолданатынын немесе өз жобасы туралы қалай әңгімелейтінін өөздері шешеді.
Жарыстар баланың барлық бағытта дамуына арналған қозғалтқыштардың бірі болып табылады, бұл қателіктерден сабақ алуға және орасан зор тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
Оқушы қатар жүріп техникалық сипаттағы білімді, атап айтқанда механизмдердің түрлерін, процессорлар мен базалық датчиктердің жұмыс істеу принципін меңгереді. Оған қоса мектепке дейінгі жастағы бала код жазу үшін алгоритмдер түріндегі базаны игере алатын блоктық бағдарламалау қосымша артықшылық береді.
Тағы бір басты аспектіні атап өтуге болады – бұл жұппен немесе командамен жұмыс істеу, өйткені soft skills дағдыларын дамыту мектепке дейінгі жастағы балаларды дайындаудағы басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бірлескен жұмыста олар серіктестерін түсінуге, әртүрлі дау-дамайларда компромисс табуға үйренеді, бұл әртүрлі жағдайларға объективті баға бере алатын саналы қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

Сондай-ақ оқушылар ерте жастан бастап өз жобаларын көпшілікке таныстырып көреді, бұл болашақта қандай сала екеніне қарамастан, өз ойларын жеткізе білу және мәселелерді шешу жолдарын немесе жаңалықтар ұсыну дағдысын дамытуға ықпал етеді.
Бұл мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған робототехниканың артықшылықтарының тек аз ғана бөлігі, бірақ басқа да көптеген қасиеттері бар.
Олай болса, жоғарыда айтылғандардан қандай қорытынды шығаруға болады?
Мұндай жаппай мәселенің панацеясы (емі) технологиялардың өзі болуы мүмкін, бірақ тек оларды дұрыс қолданған жағдайда ғана. Робототехника заманауи технологиялардың баланың оқуына, ойлауын, шығармашылығы мен коммуникативті дағдыларын дамытуға шынымен де қалай қолданыла алатынын көрсететін жарқын мысалдардың бірі болып табылады.
Технология ғасырында қоғамды құрайтын болашақ ұрпақ үшін бір қадам алға жүру керек. Бүгіннің өзінде балаларды қызықтыра алатын және олардың технологияға деген қызығушылығын пайдалы арнаға бағыттай алатын заманауи білім беру шешімдерін енгізу маңызды. Балалардың дамуына инвестиция жасай отырып, біз технологиялар ойын-сауық құралы ретінде емес, жаңа идеялар, жаңалықтар мен инновациялар жасау құралы ретінде пайдаланылатын болашақтың іргетасын қалаймыз.
Ален ЕРБОЛҰЛЫ
АННОТАЦИЯ
Познавательный интерес современных детей в большой степени завязан на использовании гаджетов и технологий. По исследованиям, подавляющий процент экранного времени они посвящают развлекательному контенту. Внедрение с дошкольного возраста такой дисциплины, как робототехника, позволяет перевести внимание детей в полезное русло. Сборка умных конструкторов и основы блочного программирования развивают логику, инженерное мышление и командные навыки, помогая детям использовать технологии для созидания.



Comments