Алматы мектеп директорларына жұмысқа қабылдаудағы шектеулері түсіндірілді
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп, Алматы қалалық мектеп директорларының қатысуымен білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасатын тұлғаларға қатысты заңнамалық шектеулерді сақтау мәселесі бойынша Бөгенбей батыр 145 мекенжайындағы мәжіліс залында семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 26-бабында кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға және кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру мекемелеріне кандидаттарды жұмысқа қабылдауға жол берілмейтіндігі айтылып түсіндірілді.



Comments