Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балаларды дамыту жөніндегі қалалық практикум
- Редакция "СО"
- 16 hours ago
- 1 min read
2025 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласы Түрксіб ауданының "№123 арнайы балабақшасында" тірек - қимыл аппараты бұзылған және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған "«Сюжеттік-рөлдік ойын – ауыр сөйлеу бұзылыстары және аутистік спектрлік бұзылыстары бар балалардың дамуын күшейту құралы ретінде» " тақырыбында қалалық әдістемелік практикум өтті. Іс – шараға білім басқармасының басшысының орынбасары, Түрксіб аудандық білім бөлімінің басшысы және балабақша басшылары, қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшысы, қалалық инклюзивті ресурстық орталықтың әдіскері және 16 логопед, психолог, дефектолог, музыка жетекшілері, тәрбиешілер қатысты.

Іс-шараның ашылуы балалар мен педагогтар жасаған жапырақтардан, шөптерден, қамыстан, және қоғадан дайындалған қағаз бетінде орындалған жұмыстар көрмесінен басталды.
Одан кейін қатысушылар үш секцияға бөлініп, «Мамонтты құтқарыңдар" атты сюжеттік рөльдік ойынды, «Кітапхана» жобасын, «Қоғадан қағаз жасау шеберханасы" мастер-классын тамашалады .
Қатысушылар балалардың жан-жақты дамуына арналған жағдайлармен танысты. Әсіресе ортоптикалық кабинет ерекше қызығушылық тудырды. Бұл жерде көздің қылилығы (косоглазие) мен амблиопия сияқты көз ауруларын емдеуге арналған аппараттық әдістермен танысты. Арнайы тренажерлар арқылы көздердің үйлесімді жұмыс істеуі мен бинокулярлы көру қабілеті қалпына келтіру мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ, логопед кабинеті мен спорт залы көрсетілді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тұрмыстық қалдық материалдан жасалған, киімдердің сән көрсетілімін көрсетті.
Педагогтар көзі мүлдем көрмейтін және нашар көретін балаларды оқытуда бедер суреттер жасау үшін заманауи термопринтерді қолдана отырып, тифлопедагог жүргізген арнайы түзету жұмысына қатысты.
Іс-шараның қорытынды бөлімінде Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Малғаждарова балабақша ұжымымен әңгімелесіп, меңгеруші Е. Гончароваға алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Comments