Алматыда жас мектеп директорларына арналған семинар өтті
- Редакция "СО"

- Oct 1
- 1 min read
Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия» КММ-де Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының жас басшылары үшін тәлімгерлік мектебінің «Мектеп басшысының құзыреттілігі: нормативтік құжаттар, кадр мәселесі және жұмысты жоспарлау» атты әдістемелік семинар-практикум өткізді.

Жетекші мектеп директорлары тиімді басқару, құжат айналымын жүйелеу және білім беру ұйымдарын басқару ісіне жасанды интеллект сияқты жаңа технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Әсіресе басқару сапасына тікелей ықпал ететін еңбек заңнамасы талаптарын орындау, кадр саясатын жүргізу және құжаттарды дұрыс ресімдеу мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Семинардың практикалық бөлімінде кадрлық жұмыс, іс қағаздарын жүргізу және цифрлық трансформация саласындағы қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Қатысушылар басқару процестерінің тиімділігін арттыруға және қаланың білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін пайдалы кеңестер алды.
Семинар жас басшылар үшін тәжірибе алмасу мен кәсіби құзыреттілікті арттыру алаңына айналып, Алматы қаласының білім беру кеңістігін дамытуға өз үлесін қосты.



Comments