top of page

Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Ашық есік күні өтті

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада  дәстүрлі Ашық есік күні өтті, «Замануи білім беру» журналы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


ree

Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттер, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандары қатысты.

Ашық есік күні аясында «Ерекше жандарға ерекше кітаптар» және «ҚР тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыптарында тактильді кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушыларға Брайль баспаханасының жұмысы таныстырылып, жайпақ баспадан брайль қарпіне аудару, аудиокітаптарды редакциялау және басып шығару жұмыстары көрсетілді.


Библиография және тифлология бөлімдерінің қызметкерлері оңалту кабинетін таныстырып, ерекше форматтағы «Саусақ ұшындағы әлем» атты іскерлік ойындарын өткізді.


Сонымен қатар, «Шу өңірінің қос ақыны» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зағип жандардың күнделікті өмірі мен рухани әлемін бейнелейтін мотивациялық бейнематериалдар көрсетілді.

 

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page