top of page
Search

Алматыда министр Саясат Нұрбек «Заманауи Педагог» атты семинарға қатысты

Алматыда министр Саясат Нұрбек «Заманауи Педагог» атты семинарға қатысты. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматы қаласында өткен «Заманауи педагог. Дағдылар мен құзыреттер» атты семинарға қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға мұғалімдер және мектеп директорлары, болашақ педагогтер – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, педагогикалық колледжінің студенттері мен мұғалім мамандығын таңдаған 11 сынып оқушылары қатысты.


Іс-шара Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының жоспарына сәйкес өткізіліп, заманауи педагогтің құндылықтары, дағдылары мен құзыреттерін анықтауға бағытталды. Кездесуде жастарды педагог мамандығына тарту мәселелері талқыланып, білім беру саласындағы коммуникацияда заманауи құралдарды, инновациялар мен технологияларды пайдалануды талданды.


Министр Саясат Нұрбек семинарға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде педагогикадағы заманауи трендтерге тоқталып, мұғалім мамандығын таңдағаны үшін қатысушыларға алғысын білдірді.



bottom of page