top of page

Алматыда халықаралық университеті ашылады

Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының C5+1 форматындағы кездесуі аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Q Group және Arizona State University жаңа халықаралық University of Innovation and Technology powered by Arizona State University (InnoTech) университетін Алматы қаласында ашу туралы ресми келісімге қол қойды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Алматыда халықаралық университеті ашылады

InnoTech университетін құру – Қазақстанның білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайту және инновациялық технологияларды дамыту жөніндегі стратегиялық бағытын айқын көрсетеді. Бұл университет инженерия, IT, кәсіпкерлік, жасанды интеллект және тұрақты даму салаларында академиялық ұтқырлықты, ғылыми ынтымақтастықты және тәжірибеге бағытталған оқытуды біріктіретін әлемдік деңгейдегі білім ордасына айналмақ.


Жаңа университеттің басты ерекшелігі – қазақстандық үлгідегі және АҚШ-та мойындалған Arizona State University дипломын, екі диплом алу мүмкіндігі. Бұл түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.


«Arizona State University және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынтымақтастық – еліміздегі білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін береді. InnoTech заманауи оқу үдерісінде озық технологияларды, ғылым мен кәсіпкерлікті біріктіретін символға айналады», - деді Q Group басшысы.

Бакалавриат және магистратураның алғашқы білім беру бағдарламалары 2026 жылы іске қосылады. Қазірдің өзінде Алматы қаласында заманауи қалалық кампус дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол оқу, зерттеу және стартап-жобаларға арналған инновациялық кеңістікке айналмақ.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page