Алматыда Қазақстан мен Әзербайжан университеттері ректорларының II форумы өтті
- Редакция "СО"

- 8 hours ago
- 1 min read
Соңғы бір жылда екіжақты академиялық өзара іс-қимыл диалог кезеңінен тұрақты ынтымақтастық кезеңіне өтті. Серіктестіктердің кең тармақталған желісі қалыптасты: Қазақстанның 62 университеті Әзербайжанның 81 жоғары оқу орнымен ынтымақтасады, 188 келісім жасалған. Форум аясында тағы 63 меморандумға қол қойылуда, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрінің Телеграм-каналына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Іс жүзінде нақты нәтижелер арқылы жұмыс істей бастаған университетаралық байланыстардың тығыз желісі қалыптасып келеді. Әзербайжаннан 333 студент Қазақстанның 58 жоғары оқу орнында білім алуда. Ал 164 қазақстандық студент Әзербайжан университеттерінде оқып жүр. Тек өткен жылдың өзінде 142 студентіміз Әзербайжанда білім алды, – деді Саясат Нұрбек.
Бұл көрсеткіштер формалды ынтымақтастықтан нақты академиялық ұтқырлыққа және білім беру жүйелерінің өзара ықпалдасуына өткенін көрсетеді.
Келесі кезең неғұрлым терең үйлестіруді талап етеді. Әңгіме білім беру бағдарламаларын келісу, бірлескен академиялық бағыттарды іске қосу, қолданбалы зерттеулерді дамыту және кадр даярлаудың тұрақты тетіктерін қалыптастыру туралы болып отыр.
Осы кезеңдегі негізгі мәселе қолданыстағы келісімдер желісін білім өндіру мен мамандар даярлаудың толыққанды бірлескен жүйесіне қалай айналдыру болып табылады.
Форум университеттердің дәл осы бағытта ілгерілеуге дайын екенін көрсетті».



Comments