top of page

Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

14 minutes ago
1 min read

Астанада «Келешек мектептері» желісіндегі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирі өтті. Екі күнге созылған зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірінен іріктелген 24 команда қатысты, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Турнир Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қазақстан шахмат федерациясының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.


Жарыс қорытындысы бойынша екі санатта жеңімпаздар анықталды. Бірінші орындарды Астана қаласындағы №117 мектеп пен Абай облысы Семей қаласындағы №51 мектеп командалары иеленді.


Екінші орынға Астана қаласындағы №111 мектеп пен Қарағанды қаласындағы №12 мектеп командалары ие болды.


Үшінші орынды Алматы қаласындағы №215 мектеп пен Ақтөбе облысындағы Сазды орта мектебінің командалары жеңіп алды.


Сонымен қатар жеке есепте төрт тақта бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды. Бірінші орындарды Хабыл Айбарыс, Бақытжан Санжар, Мұрат Арыстан Рашидұлы және Абилашим Айша Асқарқызы иеленді.


Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Турнир FIDE ережелеріне сәйкес швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрды. Оқушылар стратегиялық ойлау, жылдам шешім қабылдау және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.


Мұндай зияткерлік жарыстар «Келешек мектептері» жобасы аясында оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және мектептер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page