top of page

Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

5 hours ago
1 min read

Астанада 840-тан астам конкурсант пен елдің барлық өңірінен келген мыңға жуық сарапшыны біріктірген «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионатының салтанатты ашылуы өтті, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға және білікті кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөледі. Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жарияланған 2027 жылдың қарсаңында жастардың кәсіби құзыреттілігін дамыту ерекше маңызға ие болады.


Ашылу салтанатына Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов қатысып, ол чемпионаттың техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту үшін маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Жарыстар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, көлік және логистика, әлеуметтік және жеке қызметтер, креативті индустриялар мен дизайн, құрылыс технологиялары – алты бағытты қамтитын 44 құзыреттілік бойынша өтеді.


Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Биылғы чемпионаттың ерекшеліктерінің бірі – жекелеген конкурстық тапсырмаларда жасанды интеллект құралдарын қолдану болады. Бұл қатысушыларға кәсіби міндеттерді шешуде заманауи цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.


Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Жарыстар 26–28 қараша аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 30 қарашада өткізіледі.


Астанада кәсіби шеберліктің XI республикалық «WorldSkills Kazakhstan 2026» чемпионаты басталды

Чемпионатты ұйымдастырушы – Оқу-ағарту министрлігі, ұлттық операторы – «Talap» КеАҚ.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page