top of page

Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

9 hours ago
1 min read

Астана қаласындағы №12 жалпы орта білім беретін мектептің педагогі Жарқынәлі Ошаев жеті мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды, «Замануи білім беру» журналы Астана әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Осыған дейін де қолөнер туындыларымен көпшілікті таңғалдырған ұстаз бұл жолы өзі еңбек ететін білім ордасында ерекше арт-нысан жасады. Ол – биіктігі 8 метр болатын кітап мұнарасы. Кітаптардан құрастырылған бірегей туынды мектептің ата-аналары мен оқушыларының қызығушылығын тудырып отыр.


Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Мұнараның ерекшелігі – оның шексіздік әсерін қалыптастыруында. Үлкен залдың ортасында орналасқан құрылым сырт көзге бірнеше метрден аспайтындай көрінеді. Алайда ішіне үңілген сәтте мұнараның ұшы зал төбесінен әлдеқайда биікке созылып жатқандай әсер қалдырады.


Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Бұл оптикалық иллюзия еден мен төбеге орнатылған айналардың көмегімен жасалған. Экспонат авторы осындай ерекше шешім арқылы кітаптың адамзатқа шексіз білім мен ақпарат әлемінің есігін ашатынын жеткізгісі келген.


Астанада мектеп ұстазы 7 мың кітаптан ерекше мұнара тұрғызды

Жобаны іске асыру барысында қауіпсіздік талаптары толықтай ескерілген. Мұнараны құрастыруға қажетті кітаптарды педагогтер мен оқушылар жинап әкелген.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page