top of page
Search

Атырау мен Ақтауда мақсатты білім беру гранттары туралы

Атырау мен Ақтауда мақсатты білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы Атырау және Маңғыстау облыстарының түлектеріне мақсатты білім беру гранты бөлінген болатын. Осы жылы да мақсатты грант бөлінеді.


22 сәуірде Ақтау қаласындағы Достық үйінде Білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті директорының орынбасары Н. Сапарходжаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Р. Емелбаев, сондай-ақ, еліміздің 42 жетекші жоғары оқу орындары қатысуымен үлкен көрме, кездесу өтті. Шара аясында жоғары оқу орындарының өкілдері оқушыларды оқу орындарымен таныстырып, мамандық таңдау бойынша кеңестер берді.


24 сәуірде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жоғарғы білім көрмесі өтіп, мақсатты білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің қырыққа тарта жоғары оқу орны мектеп бітіруші талапкерлер мен ата-аналарға өздерінің білім бағдарламаларын ұсынды.


Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев «Атырау-Маңғыстау» мақсатты гранты бойынша университет ректорларымен кездесті.

Кездесу барысында аталған министрлік пен Атырау облыстық әкімдігі арасында еліміздің батыс өңіріне бөлінген мақсатты гранттарды игеру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру және аймақ үшін өзекті тұрған педагогикалық мамандарды даярлау бойынша Меморандумға қол қойылды.


bottom of page