top of page

Ақмола облысында «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті

Ағымдағы жылдың 5 қарашасында «Саналы ұрпақ» клубтарының облыстық слеті өтті. Іс-шараға облыстың 9 колледжінен жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттерінің 45 өкілі қатысты.


ree

Олар:

- Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі – «Жалын» тобы;

- Көкшетау қаласының Құрылыс-технологиялық колледжі – «Альтаир» тобы;

- Степногорск қаласының Жоғары колледжі – «Саналы жастар» тобы;

- Аршалы агротехникалық колледжі – «Лига честных» тобы;

- Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі – «Zero Corrupt» тобы;

- Атбасар аграрлық-индустриялық колледжі – «Зона чистоты» тобы;

- Жаңаесіл ауылындағы индустриялық технологиялар және сервис колледжі – «АнтиКор» тобы;

- Шағалалы ауылының Жоғары агротехникалық колледжі – «Болашақ» тобы;

- Красный  Яр ауылының Көпсалалы инновациялық колледжі – «Инноваторлар» тобы.

Слет барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасы, тарихы және мәдениеті саласында жоғары білім деңгейі мен белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге, сондай-ақ колледж студенттерін елжандылық рухында тәрбиелеуге бағытталған.


Жастар жиыны  қорытындысы бойынша:

  • Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінің «Жалын» тобы – I орын иеленді;

  • Красный Яр ауылының Көпсалалы инновациялық колледжінің «Инноваторлар» тобы – II орын;

  • Шағалалы ауылының Жоғары агротехникалық колледжінің «Болашақ» тобы – III орын.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page