top of page

Ақмола облысының жас зерттеушілері «Зерде» байқауында өз жобаларын ұсынды

2025 жылғы 10 – 12 қараша аралығында «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 2–7 сынып оқушылары арасында «Зерде» ХХІ республикалық зерттеу жобалары байқауының облыстық кезеңі өткізілді.


ree

Аталмыш байқауға 209 зерттеу жобасы тапсырылып, оның ішінде 152 зерттеу жобалары сараптамадан өтті.


Іс-шараға 16 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан барлығы 180 оқушы қатысты.


Оқушылардың зерттеу жобалары 12 секция бойынша өткізілді:


1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;


2 секция - орыс тілі мен әдебиеті;


3 секция – ағылшын тілі;


4 секция - математика, қолданбалы математика;

5 секция - физика, космос;


6 секция – туризм және спорт;


7 секция – тарих, өлкетану;


8 секция - этномәдениеттану;


9 секция – химия, биология;


10 секция – медицина, психология, экология;


11 секция - информатика, робототехника STEM инженерия;


12 секция - технология және өнер.


Шығармашылық байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:


- І-дәрежелі дипломмен – 24 оқушы


- ІІ-дәрежелі дипломмен – 47 оқушы


- ІІІ-дәрежелі дипломмен – 63 оқушы


- Грамотамен – 9 оқушы марапатталды.


Байқаудың облыстық кезеңінің нәтижесі бойынша І орынды иеленген 24 оқушы

байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page