Балаларды қорғау саласындағы мамандарға арналған оқыту өтті
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, «Балаларды қорғау саласындағы жағдайды басқару» бағдарламасы бойынша мастер-тренерлерге арналған бес күндік оқыту курсын өткізді.

Оқыту өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды ерте анықтау, оларға уақтылы әрі кешенді көмек көрсету, сондай-ақ балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталды.
Курс барысында қатысушылар жағдайды басқару стандарттарын, бала мен отбасының қажеттіліктерін кешенді бағалау тәсілдерін, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін және баланың үздік мүдделерін қамтамасыз ету қағидаттарын зерделеді.
Даярланған мастер-тренерлер алған білімдері мен тәжірибелерін өңірлердегі балалардың құқықтарын қорғау саласының мамандары арасында таратып, жергілікті деңгейдегі жұмыстың сапасын арттыруға үлес қосады.



Comments