top of page
Search

​«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Биылғы жылғы іріктеудің екінші легінде стипендия 84 қазақстандыққа тағайындалды. Оның ішінде 78 адам магистратураға, 6 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті.

Осы жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында стипендияларды тағайындау туралы шешім қабылданды.


Биыл «Ақпараттық технологиялар мен жүйелер», «Биотехнология. Биоинженерия. Биомедицина. Биохимия», «Көлік технологиялары. Көлік инженериясы. Логистика», «Білім беру саласындағы басқару», «Үлкен деректерді талдау. Салалар бойынша предиктивті талдау» және т.б. сынды мамандықтар сұранысқа ие болды.


«Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жылына үш рет өтеді. Қорытынды шілде, тамыз және желтоқсан айларында шығарылады.


Жалпы алғанда, 2022 жылы магистратура мен резидентураға 385 стипендия, докторантураға 60 стипендия, тағылымдамадан өтуге 110 стипендия бөлінді.




ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

bottom of page