top of page

Біздің студент - чемпиондар қатарында!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті СМ-22-5к7 тобының студенті Әбілхайыр Абдрасилов (92 келі салмақ дәрежесінде) 25 қыркүйекте Шымкент қаласында «Алпағұт» ұлттық спорттық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырған балалар, жасөспірімдер, ерлер және әйелдер ашық турнирінде I-орынды иеленді.


ree

Жас спортшы бұған дейін де республикалық, халықаралық және аймақтық деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді.


Университет ұжымы мен факультет атынан Әбілхайырды жеңісімен құттықтай отырып, спорттық жолында толағай табыстар тілейміз!


Жеңісті күндер көп болсын!


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page