Білім берудегі жасанды интеллект: ҚАТЗУ-де ОӘБ РОӘК отырысы өтті
- Редакция "СО"

- Mar 14
- 2 min read
2026 жылғы 13 наурызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы «Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және оқу үрдісіне енгізу ерекшеліктері» тақырыбында өткізілді.

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – Provost, РОӘК ОӘБ төрағасы – Әбішова Роза Жанысбекқызы құттықтау сөзін сөйледі.
Отырыс барысында келесі баяндамалар тыңдалды:
- Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелері.
Беркимбаев Камалбек Мейрбекұлы, – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы;
Жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте қолдану дағдыларын техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) бағдарламаларына енгізу.
Жумабекова Марина Олжабаевна -"Talap" КЕАҚ ТжКБ әдістемесі мен мазмұны басқармасының бас менеджері;
- Университеттегі жасанды интеллект: базалық модельдерден интеллектуалды ассистентке дейін.
Сабырова Мадина Елемесовна – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Бизнес және цифрлық технологиялар институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты;
- Студенттерге арналған оқу-әдістемелік материалдар мен тапсырмаларды дайындауды автоматтандыру үшін нейрожелілерді қолдану.
Молдабекова Анара Жасаевна – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Жоғарғы математика кафедрасының аға оқытушысы;
- Жоғары кәсіптік оқытуда жасанды интеллект платформаларын қолданудың тиімділігі.
Спатаев Бауыржан, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 8D01401-Техникалық және кәсіптік білім берудегі менеджмент білім беру бағдарламасының 2 курс докторанты;
- Кәсіптік білім беру жүйесінде дизайнер студенттерді оқытуда жасанды интеллектті қолдану идеялары.
Гылимов Даурбек, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, «8D01401-Техникалық және кәсіптік білім берудегі менеджмент» білім беру бағдарламасының 2 курс докторант.
Баяндамаларды тыңдағаннан кейін отырысқа қатысушылар жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және оқу үрдісіне енгізу ерекшеліктерінің өзекті тұстарын талқылап, пікір алмасты.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы Әбішова Роза Жанысбекқызы қорытынды сөз сөйлеп, ол отырысқа қатысушылардың барлығына белсенділік танытып жемісті жұмысы жасағандары үшін алғысын білдіріп, ОӘБ қызметінің алдағы жоспарымен таныстырды.



Comments