Білім күні – бейбітшілік күні!
- Редакция "СО"
- 11 hours ago
- 1 min read
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжі Білім күні мерекесін атап өтті. «Білім күні – Бейбітшілік күні» деп аталған салтанатты кеште университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, колледж басшылығы, оқытушылар жылы лебіздерін білдіріп, білім жолына қадам басқан 1 курс студенттеріне сәттілік тіледі. Студенттерге колледж тарихы мен құндылықтары таныстырылып, оқу ордасының мүмкіндіктері жайлы ақпарат берілді.

Ғани Әбзелбекұлы халықаралық, республикалық байқауларда үздік атанған, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жемісті еңбек еткен білім ошағының профессор-оқытушыларды марапаттап, оларға І дәрежелі диплом, М. Әуезов атындағы ОҚУ басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Закидің Құрмет грамотасын табыстады.
Салтанатты іс-шараға студенттер әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. Көңілді атмосфера жас буынның жаңа ортаға сенімді бейімделуіне зор әсер еткені сөзсіз.
Атап өтейік, колледжге 2025-2026 жаңа оқу жылына 450-ге жуық студент қабылданған. Жалпы, 1500-ден астам студент 15 мамандық, 16 біліктілік бойынша білім алады.
Comments