Бір сурет – бір келі жем: «Мейірімді суреттер» баспанадағы жануарларға көмектеседі
- Редакция "СО"

- 6 hours ago
- 2 min read
Қазақстанда үй жануарларына деген жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «Мейірімді суреттер» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауы басталды. Жоба Nestlé компаниясының Қазақстандағы өкілдігі мен үй жануарларына күтім жасау саласындағы сарапшы Purina бренді бірлесіп жүзеге асыратын «Біз – сенің досыңбыз» атты Purina білім беру бағдарламасы аясында өткізілуде. Бағдарламаға Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы қолдау көрсетеді.

Байқаудың мақсаты — балалар шығармашылығы мен қайырымдылықты ұштастыру: қатысуға жіберілген әрбір сурет үшін компания үйсіз жануарларға арналған баспаналарға иттер мен мысықтарға арналған бір килограмм жем береді. Осылайша, балалардың жұмыстары қамқорлықты қажет ететін жануарларға көрсетілетін нақты көмекке айналады.
«" Мейірімді суреттер" байқауы – біздің білім беру миссиямыздың маңызды бөлігі. Балалар өз жұмыстары арқылы тек шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, көмекке мұқтаж жандарға (сөзбен емес, іспен) нақты қамқорлық жасауға атсалысады, қоршаған әлемге жауапкершілікпен қарауды үйренеді. Балалық шақта алған бұл тәжірибе олардың тұлға ретінде қалыптасуына әсер етіп, болашақта мейірімді әрі сенімді ересек адам болып өсуіне негіз болады деп сенеміз», – деп атап өтті Nestlé компаниясының Еуразиядағы білім беру бағдарламалары бөлімінің жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева.

Байқауға 6 мен 11 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Жас суретшілер өз суреттері арқылы үй жануарлары немесе асырап алғысы келетін жануарлар туралы баяндауы тиіс. Ол үшін кез келген көркемдік техниканы – қарындаштан бастап аппликацияға дейін қолдануға болады, содан кейін жұмысты бағдарламаның https://pet-school.kz/ сайтына жүктеу қажет.
Байқау мерзімі:
· Жұмыстарды қабылдау: 2026 жылғы 3-23 сәуір аралығында онлайн форматта өтеді.
· Дауыс беру: таңдаулы суреттерге қолдау көрсетуге болатын ашық онлайн-дауыс беру.
· Қорытынды: жеңімпаздар 2026 жылғы 12 мамырға дейін жарияланады. Ең үздік жұмыс авторлары жеңімпаздың құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

«Біз адамдар мен үй жануарлары бірге болғанда, олардың өмірі жақсара түсетініне сенеміз. Және осы миссияның артында нақты іс-әрекеттер тұр. "Мейірімді суреттер" байқауы дәл осыны мақсат етеді: "бір сурет – бір келі жем" формуласы балаларға өз идеяларының күші бар екенін және тіпті кішкентай қадамдардың өзі көмекке мұқтаж жандарға нақты пайда әкелетінін айқын көрсетеді», – деп пікір білдірді Purina-ның Еуразия өңіріндегі үй жануарларына арналған жем санатын дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский.
Жиналған жемнің барлығы Қазақстандағы серіктес баспаналарға жіберіледі. Осылайша, жоба мектептегі сабақ пен баланың салған суретінен бастап, үйсіз жануардың алдындағы толы тамаққа дейінгі «мейірімділік тізбегін» құрайды.
Байқау туралы толығырақ білу, ережелермен танысу және жұмысты жүктеу жобаның ресми сайтында қолжетімді: https://pet-school.kz/
Қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
Анастасия Щербакова
тел.: +7 705 170 29 72
Электронды пошта: anastassiya.chsherbakova@pbnca.kz



Comments