top of page
Search

Елордада тұңғыш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді

2023 жылдың 24 тамызында Астанада тұңғыш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді. Форумның тақырыбы елдің экономикалық өсуінің негізі ретінде адами капиталды дамытуға арналады, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Форумға білім және ғылым жүйесінің қызметкерлері, ЖОО және ҒЗИ басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, ЖОО директорлар кеңесінің мүшелері, жас ғалымдар кеңесі, студенттер, сарапшылар және басқалар қатысады.


Форум аясында Назарбаев Университетінде және IT-Университетте жоғары білім және ғылым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да тіл саясаты бойынша тақырыптық секциялық отырыстар өткізу жоспарлануда.


Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов форум қатысушыларына видео арқылы құттықтау сөз сөйлейді.


Сондай-ақ, форумда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, профессор, Heriot-Watt University проректорының орынбасары (академиялық басшылық) Тadhg O'donovan, Қазақстандағы De Montfort университетінің президенті Sakina Zafar, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және басқалар сөз сөйлейді.


Форумның секциялық отырыстары министрліктің Facebook және YouTube парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.



















bottom of page