top of page
Search

Жас денсаулық сақтау көшбасшыларының алғашқы республикалық форумы

Елордада "Инновацияларды ынталандыру" атты жас денсаулық сақтау көшбасшыларының алғашқы республикалық форумы бес жүзден астам адамды жинады. Іс-шараның бастамашысы Қазақстан Республикасының жас денсаулық сақтау көшбасшыларының қауымдастығы болды, «Современное образование» журналы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

первый республиканский форум молодых лидеров здравоохранения

Форум Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтуде және медицина саласының жас көшбасшыларын біріктіретін диалог алаңы болуға арналған.

Іс-шара жайдан жай Астана медицина университетінің базасында өткен жоқ, деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде. Бүгінгі таңда жастар саясатты анықтап, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытатын ең қозғаушы күш болып табылады.

"Ертең сіздер медициналық ғылыми орталықтар мен ұйымдарды басқарасыздар, пациенттерді қабылдайсыздар және мыңдаған адамдардың өмірін сақтайсыздар, осының бәрінің негізі Сіздердің бүгінгі оқуларыңыз, өз дағдыларыңызды жетілдіру және терең білім алу жөніндегі жұмыстарыңыз болады", – деді ол форумға қатысушыларға.

Онлайн- байланыс аудиториясын ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге қарсы алды. Ол бірқатар жылдар бойы ДДҰ қатысуымен маңызды іс-шаралар өткізетін алаң болып табылатын Астана медицина университетінің үлкен үлесін атап өтті. Денсаулық сақтау көшбасшыларының жастар форумы - ДДҰ қолдайтын "Жаһандық жастарды жұмылдыру" қозғалысына жатқызуға болатын тағы бір шара, деді Х.Клюге.



ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла Қазақстандағы 30 жасқа дейінгі халықтың үлесі ДДҰ-ның Еуропалық өңіріндегі ең жоғары үлестің бірі болып табылатынын, әрбір екінші адам 30 жасқа толмағанын атап өтті. Бізге қоғамдық денсаулық сақтаудағы инновациялар қажет, ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы жастарды тыңдағысы келеді және олармен өзара іс-қимыл жасағысы келеді, деп атап өтті ол форумға қатысушыларға сөйлеген сөзінде. ДДҰ өзінің Youth4Health желісі арқылы Еуропа мен Орталық Азиядағы жастармен өзара іс-қимылды белсенді түрде кеңейтуде. Ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада ДДҰ 73-ші өңірлік комитетінің қатарлас сессиясында ресми түрде іске қосылды, оған Еуропа мен Орталық Азияның 31 елінен 100-ге жуық қатысушы мен 23 жастар ұйымы кірді.



Форумның қарсаңында ДДҰ-ның Қазақстан Республикасындағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла Астанада өткен медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі халықаралық конференцияны ұйымдастыруда еріктілер ретінде көмек көрсеткен Астана медицина университетінің студенттеріне алғыс хаттар табыс етті. Сөзін аяқтай отырып, ол форум жас денсаулық сақтау көшбасшылары денсаулық сақтау жүйелері алдында тұрған мәселелер мен қиындықтарды талқылап, инновациялық шешімдерді ұсына алатын орынға айналады деп үміттенді.



Форумның барысында отандық денсаулық сақтау саласының көшбасшысы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ Басқарма Төрағасы Абай Қабатайұлы Байгенжиннің жас инноваторларды белсенді болуға және өз ісінің кәсіби маманы болуға шақырған табысының шабыттандыратын тарихы айтылды.

Қазақстандық жас денсаулық сақтау көшбасшылары қауымдастығының төрағасы, "Астана медицина университеті" КеАҚ клиникалық жұмыс жөніндегі проректоры Меруерт Ғазалиева "Денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырудағы жас көшбасшылар қауымдастығын ұйымдастыру тәжірибесі" атты баяндама жасады. Ол форумға қатысушылармен жақын арада жоспарланған мақсаттармен және жоспарлармен бөлісті.

Панельдік пікірталастар мен сессиялар барысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар мен озық практикалар талқыланды, іс-шараның шеңберінде барлығы 20-ға жуық баяндама жасалды. Форумға қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық пен жаңа жобаларды құру мүмкіндіктерін талқылады. Денсаулық сақтаудағы цифрландыру мен SMART-технологияларға ерекше назар аударылды. Бірақ Форумдағы ең қызықты талқылау тақырыбы: цифрлық денсаулық сақтауда, медициналық білім беруде, денсаулық сақтау секторында тұрақты бизнес құруда, тұрақты болашақ құруда, денсаулық сақтау саясатында секілді инновациялар болды.

Форумның нәтижесі денсаулық сақтаудағы инновацияларды ынталандыруға бағытталған нақты шешімдер мен бастамаларды әзірлеу болды. Форумның ұсынымдары отандық денсаулық сақтаудағы инновацияларды ынталандыру саласындағы стратегиялар мен саясаттарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

Форумның шеңберінде іс-шараға қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырған мастер- кластар өтті. Жас денсаулық сақтау көшбасшылары тәжірибелі мамандардан кері байланыс алды, бұл болашақта инновациялық идеяларды жүзеге асыруға жақсы ынталандыру болады.




bottom of page