top of page

Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда

Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда. Азаматтық авиация академиясы

 

Әлемдік экономика қазіргі уақытта терең технологиялық трансформация кезеңіне қадам басуда. Бұл үдерістің өзегінде жасанды интеллект технологиялары тұр. Егер бірнеше жыл бұрын жасанды интеллект негізінен ғылыми зерттеулердің бағыты ретінде қарастырылса, бүгінде ол заманауи технологиялық инфрақұрылымның маңызды элементіне айналып отыр. Жасанды интеллектің ықпалы, әсіресе азаматтық авиация сияқты жоғары технологиялық салаларда айқын байқалады.


Қазіргі уақытта деректерді талдаудың интеллектуалдық жүйелері әуе кемелерінің техникалық жағдайын алдын ала болжауға, әуе қозғалысын оңтайландыруға, әуежайлардың тиімділігін арттыруға және ұшу қауіпсіздігін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді.

Алдағы онжылдықта жасанды интеллектің авиация саласындағы рөлі одан әрі арта түсетіні сөзсіз. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, үлкен деректерді өңдеу, интеллектуалды басқару жүйелері мен автономды технологиялардың дамуы әлемдік авиация индустриясы трансформациясының негізгі факторларының біріне айналады.

Осы жағдайда жаңа буын мамандарын даярлау мәселесі ерекше өзектілікке ие болуда. Бұл – авиациялық технологиялар мен цифрлық экономиканың тоғысқан тұсында жұмыс істей алатын инженерлерді, талдаушыларды және басқарушыларды даярлау деген сөз.


Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда. Азаматтық авиация академиясы

Университеттер – технологиялық өзгерістердің қозғаушы күші

Қазіргі университеттер дәстүрлі білім беру қызметінің аясынан біртіндеп шығып келеді. Бүгінде олар инновациялық даму, ғылыми зерттеулер және технологиялық кәсіпкерліктің орталықтарына айналуда.

Сондықтан жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамалар ұлттық экономиканың болашағы үшін стратегиялық маңызға ие.

Осындай жобалардың бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан AI-SANA ұлттық бағдарламасы.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – университеттік ортада жасанды интеллекті оқытудың инновациялық шешімдерін әзірлеу мен технологиялық жобаларды іске қосуды біріктіретін жаңа технологиялық экожүйе қалыптастыру.

AI-SANA – бұл жай ғана білім беру бағдарламасы емес. Бұл университеттерде студенттер тек білім алушы ғана емес, сонымен бірге инновациялық шешімдерді жасаушыға айналатын жаңа технологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Бағдарлама білім беру бастамаларын, халықаралық сараптаманы және жетекші технологиялық компаниялармен әріптестікті біріктіреді. Оны іске асыруға Coursera, Huawei, Google және Nvidia сияқты әлемдік платформалар мен корпорациялар қатысуда.

Бағдарламаның алғашқы кезеңінде ел бойынша 650 мыңнан астам студент қамтылды, ал оның стратегиялық мақсаты – халықаралық нарыққа шығуға қабілетті 1500 AI-стартапты қалыптастыру.


Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда. Азаматтық авиация академиясы

Азаматтық авиация академиясы: авиация мен жасанды интеллектің тоғысуы

Азаматтық авиация академиясы үшін AI-SANA бағдарламасына қатысу авиациялық білім беруді жаңғырту стратегиясының маңызды бөлігіне айналды.

Бүгінгі таңда авиация саласы ауқымды цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Қазіргі әуе кемелері күрделі интеллектуалды жүйелерге айналып келеді, ал әуе қозғалысын басқару барған сайын үлкен деректерді талдауға сүйенуде.

Бұл болашақ авиация мамандарының тек инженерлік біліммен ғана шектелмей, сонымен қатар цифрлық құзыреттерге де ие болуға тиіс екенін білдіреді.

Сондықтан Академияда жасанды интеллект технологиялары студенттердің кәсіби даярлығының ажырамас бөлігіне айналатын заманауи білім беру ортасы қалыптастырылуда.

Болашақ авиация – инженерия, деректер және жасанды интеллектің синергиясы. Университеттер дәл осы бағыттардың тоғысында жұмыс істей алатын мамандарды даярлауға тиіс.

2025 жылы Академияда жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша жол картасы әзірленіп, білім беру бағдарламаларын дамыту, оқытушылардың біліктілігін арттыру және интеллектуалды цифрлық сервистерді енгізу шаралары белгіленді.

Қазіргі уақытта Академияның профессор-оқытушылар құрамының 77%-ға жуығы жасанды интеллект бойынша базалық оқудан өтті. Бұл заманауи технологиялық құралдарды оқу үдерісіне біртіндеп енгізуге мүмкіндік береді.


Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда. Азаматтық авиация академиясы

Студенттер – технологиялық өзгерістердің негізгі қозғаушы күші

AI-SANA бағдарламасын жүзеге асыруда студенттердің рөлі ерекше.

Академияда 2000-нан астам студент Coursera халықаралық білім беру платформасында оқудан өтті. Бұл платформаға қосылу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған бастамасы аясында жүзеге асырылды. Оқу барысында студенттер нейрондық желілердің жұмыс істеу қағидаларын және AI-технологияларды әртүрлі салаларда қолдану мүмкіндіктерін меңгерді.

Бағдарламаның келесі кезеңі – қатысушылардың құзыреттер деңгейін анықтайтын ұлттық онлайн-тестілеу болды. Академияда бұл кезеңге 1700-ге жуық студент қатысты, бұл жастардың заманауи технологиялық бағыттарға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.

Келесі кезеңдерде студенттер тереңдетілген оқудан өтіп, өз жобаларын әзірлеуге және технологиялық шешімдер жасауға мүмкіндік алады.

Әсіресе мұндай жобалардың көпшілігі авиация саласының дамуына тікелей қатысты болуы мүмкін.

Жасанды интеллект бүгінде келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

– авиациялық деректердің үлкен көлемін талдау;

– әуе кемелерінің техникалық жағдайын болжау;

– әуе қозғалысын басқаруды оңтайландыру;

– әуежайлардың тиімді жұмысын арттыру;

– ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту.


Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда. Азаматтық авиация академиясы

Цифрлық университет: жаңа интеллектуалды сервистер

Академияда жасанды интеллекті енгізу тек білім беру бағдарламаларымен шектелмейді. Ол университеттің бүкіл инфрақұрылымын қамтиды.

Қазіргі уақытта студенттерге, қызметкерлерге және талапкерлерге арналған бірқатар AI-ассистенттерді қамтитын интеллектуалды цифрлық сервистер экожүйесі қалыптастырылуда.

Бұл шешімдер кеңес беру үдерістерін автоматтандыруға, пайдаланушыларға тәулік бойы қолдау көрсетуге және әкімшілік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

AI-ассистенттер:

– талапкерлерге кеңес беру үшін;

– студенттерді оқу үдерісінде қолдау үшін;

– оқытушылар мен қызметкерлерге көмек көрсету үшін;

– университет қызметтері бойынша навигация үшін;

– студенттердің психологиялық қолдауын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Мұндай технологиялар болашақ цифрлық университеттің маңызды элементіне айналуда.


Ғылым мен технология: авиация үшін жаңа мүмкіндіктер

Академияда жасанды интеллект технологияларын дамыту ғылыми зерттеулермен де тығыз байланысты.

Атап айтқанда,

авиациялық техниканың жағдайын талдауға арналған компьютерлік көру және нейрондық желілер технологияларын қолдану бағытында ғылыми жобалар жүргізілуде. Сол жобалардың бірі – ұшу алдындағы тексеру кезінде әуе кемесінің сыртқы ақауларын автоматты түрде анықтай алатын жүйені әзірлеу.

Болашақта мұндай шешімдер авиациялық қауіпсіздік жүйелерінің маңызды бөлігіне айналып, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруы мүмкін.


Жасанды интеллект және болашақ авиациясы: AI-SANA бағдарламасы жаңа буын мамандарын қалай қалыптастыруда. Азаматтық авиация академиясы

Қазақстан жаһандық технологиялық бәсекеде

Бүгінде әлемнің жетекші мемлекеттері жасанды интеллекті дамытуға белсенді инвестиция салуда. Себебі бұл технология болашақ экономиканың стратегиялық факторы болып табылады.

Осы тұрғыда AI-SANA бағдарламасы Қазақстанның ұлттық технологиялық экожүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Университеттер үшін мұндай бастамалар жаңа мүмкіндіктер ашады:

– ғылыми зерттеулерді дамыту;

– технологиялық стартаптарды қалыптастыру;

– білім беру мен индустрияны интеграциялау;

– цифрлық экономикаға қажетті мамандарды даярлау.


Болашаққа көзқарас

Авиация әрқашан технологиялық прогрестің символы болып келген.

Бүгінде бұл прогресс жасанды интеллектің дамуымен тығыз байланысты.

Болашақ мамандарды даярлау білім беру жүйесіне жаңа көзқарасты талап етеді — инженерлік білім, цифрлық құзыреттер және инновациялық ойлаудың үйлесімі қажет.

Сондықтан Азаматтық авиация академиясы жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және инновациялар бағыттарын жүйелі түрде дамытып келеді.

Біз авиация мен жасанды интеллектің интеграциясы жаңа технологиялық шешімдер қалыптастырып, саланың тиімділігін арттырып, оның тұрақты дамуына мүмкіндік береді деп сенеміз.

AI-SANA бағдарламасы Қазақстан университеттері мен студенттері үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Ал осы мүмкіндіктерді бүгін қаншалықты тиімді пайдалана алатынымыз еліміздің технологиялық болашағын айқындайды.


Қайрат ЖАКУПОВ,

Азаматтық авиация академиясы

басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы

АННОТАЦИЯ

Авиационная отрасль переживает масштабную цифровую трансформацию. Современные воздушные суда представляют собой сложные интеллектуальные системы, а управление воздушным движением всё больше опирается на анализ больших массивов данных. Это означает, что будущие специалисты авиационной отрасли должны обладать не только фундаментальными инженерными знаниями, но и цифровыми компетенциями. В Академии гражданской авиации формируется современная образовательная среда, в которой технологии искусственного интеллекта постепенно становятся неотъемлемой частью профессиональной подготовки студентов.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page