«Жастар жалыны – 2026»: ҚАТЗУ үздік үштікте!
«Жастар жалыны – 2026» жастар фестивалінде С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп, өз университеттерін лайықты түрде таныстырды!

Астанада «Жастар жалыны – 2026» жыл сайынғы студенттік фестивалі өтті. Жоғары оқу орындары мен колледждердің жүздеген студенттері үш негізгі бағыт — спорттық, шығармашылық және зияткерлік блоктар бойынша 10 номинацияда жарысты.
ҚАТЗУ-дың фестивальдегі жетістіктері:
I орын – «Ұлттық музыкалық аспаптар» номинациясы.
III орын – үстел теннисі.
III орын – волейбол.
III орын – заманауи билер.

Фестиваль қорытындысы бойынша ҚАТЗУ жалпыкомандалық есепте үздік үштікке кірді!
Бұл табыс студенттердің талантының, табандылығының, еңбекқорлығының және ұйымшылдығының нәтижесі! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!


Comments