top of page

Жетісу университеті: Әскери кафедрада Ашық есік күні өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасында студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ашық есік күні өтті.


Жетісу университеті: Әскери кафедрада Ашық есік күні өтті

Шараға Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы мен Әскери полиция бөлімінің өкілдері, бөлім командирлері, Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры, әскери кафедра қызметкерлері қатысты.


Іс-шара барысында студенттер әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, кафедраның оқу-материалдық-техникалық базасымен, оқу-жаттығу және саптық алаңдарымен танысты. Сондай-ақ қызметтік иттердің көрсетілімін көрді. Атыс дайындығына арналған тренажерлық кешендерді аралады.


Жетісу университеті: Әскери кафедрада Ашық есік күні өтті

Тәжірибелі әскери қызметшілер студенттерге әскери мамандықтың стратегиялық маңызын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді және жас буынды Отанды қорғауға, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.


Ашық есік күніне университеттің алты факультетінен 200-ден астам студент қатысты.


Жетісу университеті: Әскери кафедрада Ашық есік күні өтті

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page