top of page

Жетісу университетінде «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» апталығы

Жасанды интеллект саласындағы ғылым мен технологияны дамыту және елімізді жаһандық ғылыми-техникалық кеңістікке интеграциялау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Жасанды интеллект» апталығы басталды.


ree

Апталықтың ресми ашылуында Физика-математика факультеті «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» іс-шарасын ұйымдастырды. Одан кейін «Білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында семинар өтті. Оған білім ордасының профессор-оқытушылары, магистранттары, студенттері қатысты.


Семинар барысында информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушылары А. Есейқызы мен Г. Кастеева баяндама жасап, жасанды интеллекттің білім беру саласындағы рөліне тоқталды. Іс-шара соңында «Жасанды интеллект адамды алмастыра ала ма?» тақырыбында қызу пікірталас болды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page