top of page

Жетісу университетінде қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Жетісу университетінің студенттері ҚР Қаржылық мониторингі агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлерімен кездесті.


Жетісу университетінде қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Кездесу «Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі және цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында өтті. Білім алушыларға департамент басшысы Еркін Тюмелиев Қаржылық мониторинг агенттігінің және экономикалық тергеп-тексеру департаментінің негізгі қызметі мен міндеттері туралы жан-жақты баяндады. Ол елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, әр қызметкер өз жұмысын адал әрі үлкен жауапкершілікпен атқарған кезде экономикалық қылмыстардың болмайтынын жеткізді.


ree

Кездесу барысында департамент қызметкерлері жастарға Қаржылық мониторинг академиясына оқуға түсу жолдары мен қызметке орналасу талаптары туралы түсіндірді. Мамандар жастарға интернеттегі алаяқтық түрлерінен сақтану, жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде маңызды кеңестер берді.


Айта кетейік, аталмыш кездесу қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама аясында ұйымдастырылды.


ree

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page