top of page

ЖОО арасында өткен турнирде Жетісу университетінің студенттері көш бастап келді

2026 жылғы 12–13 ақпан аралығында Алматы технологиялық университетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындары арасында спорттық турнир өтті. Аталған жарыста Жетісу университетінің студенттері волейбол (ұлдар құрамасы), футзал (қыздар құрамасы), шахмат және тоғызқұмалақ бойынша бақ сынады.


ЖОО арасында өткен турнирде Жетісу университетінің студенттері көш бастап келді

Турнирдің негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол және футзал спорт түрлерін дамыту, сондай-ақ жоғары оқу орындары студенттері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.


Жарыс қорытындысы бойынша Жетісу университеті жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді. Атап айтқанда: волейболдан (ұлдар) – 1-орын, футзалдан (қыздар) – 1-орын, шахматтан – 2-орын, тоғызқұмалақтан – 3-орын.


Турнир студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық және достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді.


ЖОО арасында өткен турнирде Жетісу университетінің студенттері көш бастап келді


Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page