top of page
Search

Жұбанов Университеті Өзбекстанның 4 жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойды

Университет Жубанова и вузы Узбекистана

11.12.2023.


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушылардан құралған делегациясы Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына іс-сапармен барды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Іс-сапар барысында Жұбанов университетінің делегациясы Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті, Чирчик мемлекеттік педагогикалық университеті, К. Бехзод атындағы Ұлттық өнер және дизайн институты және Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтының проректорлары және халықаралық байланыстар жөніндегі департаментінің өкілдерімен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Кездесу барысында Zbubanov University және Өзбекстанның 4 ЖОО ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Меморандум аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты - халықаралық ынтымақтастықты дамыту және байланыстарды нығайту болып табылады.


Алдағы уақытта студенттер Өзбекстанның аталған жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып, тәжірибе алмаса алады. Бұл ынтымақтастық университтердің оқытушыларына да зор мүмкіндік бермек. Келер жылы өзбекстандық университеттің өкілдері Ақтөбе қаласына келіп, Жұбанов университетінің жұмысымен танысады деп жоспарлануда.


Өз кезегінде жоғарыда аталған оқу орындары тарапынан Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Л.Ч.Қарабасоваға және ұжымына достық қарым-қатынас үшін алғысын білдірді. Бұдан әрі бірлескен жұмыс мемлекеттер арасындағы мәдени және білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға елеулі үлес қосатыны атап өтілді.


Университет Жубанова и вузы Узбекистана




bottom of page