top of page

«Кітап оқитын ұлт»: Астанадағы мектептердің бірінде кітап оқуға арналған арнайы орындар ашылды

15 hours ago
1 min read

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында елордадағы №117 жалпы білім беретін мектепте оқушылар мен педагогтердің кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған арнайы кеңістіктер ашылды, «Замануи білім беру» журналы Астана әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


«Кітап оқитын ұлт»: Астанадағы мектептердің бірінде кітап оқуға арналған арнайы орындар ашылды

Мектептің екінші қабатында оқушылар мен мұғалімдерге арналған «12 ай – 12 кітап» және «Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағы» атты кітап бұрыштары ашылды. Бұдан бөлек, екінші, үшінші және төртінші қабаттардағы коворкинг-аймақтарда еркін әрі жайлы жағдайда кітап оқу үшін қолайлы орта жасалды.


Мұндай кеңістіктерді ашу – мектепте оқу мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Қолайлы орта оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, шығармашылық қабілеті мен зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page