М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың Шыршық қаласындағы филиалы мен Д. Менделеев атындағы РХТУ-дың Ташкент қаласындағы филиалы ынтымақтастық туралы келісім жасасты
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласындағы филиалы және Ресей Федерациясының Ташкент қаласында орналасқан Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісім түзілді.

Келісімге Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Ташкент қаласындағы филиалының атқарушы директоры Батыр Еркінұлы Нұрматов және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Шыршық қаласындағы филиалының директоры Мұрат Жарылқасынұлы Айтуреев қол қойды.
Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттің бірі болып табылады және Ташкент қаласындағы орналасқан университет филиалының материалды-техникалық базасы өте жоғары деңгейде қалыптасқан.
Осы Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі екі университеттің филиалдары арасында тәжірибе алмасу және студенттердің ұтқырлығы саласында өзара тиімді академиялық ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады.
Келісім екі жоғары оқу орны арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, білім беру сапасы мен ғылыми әлеуетті арттыруға, сондай-ақ халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.



Comments