top of page
Search

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика орталығы» құрылады

Саясат Нұрбек Nobel Fest құрметті қонақтарымен, ИЫҰ ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бас үйлестірушісі Мұхаммед Икбал Чоудхари және «Жаһандық энергия» сыйлығын беру жөніндегі халықаралық комитеттің төрағасы, Нобель сыйлығының лауреаты Чунг Рае Квонмен кездесті. ҚР ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.

Әңгімелесу барысында тараптар білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ ғылыми-технологиялық дамудың жаһандық трендтерін талқылады.


Отырыс қорытындысы бойынша «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы Д.Қожамжарова мен профессор Рае Квон Чунг Шымкентте «Рае Квон Чунг атындағы Жаңа климаттық экономика орталығын» құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.






bottom of page