Мемлекет басшысы: «Педагогтерді қағазбастылықтан арылту керек»
- Редакция "СО"

- 56 minutes ago
- 1 min read
Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика қызметкерлерінің жыл сайынғы тамыз конференциясында сөз сөйледі, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Педагогтерді қағазбастылықтан, шексіз есептерден, аттестациядан өту туралы жалықтыратын талаптардан және басқа да пайдасыз тексеру рәсімдерінен арылту керек, – деп ерекше атап өтті Президент. – Білім беру базасын жаңғырту қолға алынды. Яғни бүкіл мемлекеттік сервис пен қызмет біріктіріледі. Мұғалімдер уақыт алатын шаруадан арылады.
Әсіресе, соңғысы өте маңызды. Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылықтан, бітпейтін есептен, аттестациядан өту талабынан және басқа да пайдасыз тексерістерден босату керек.
Мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартқаны туралы жаңалықтар ара-тұра шығып жатады. Бұл жөнінде әлдеқашан келіскенбіз. Бұған жол беруге болмайды.
Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер басқармалары, ең алдымен, құқықтық-нормативтік актілер мен саланы реттеу базасын жетілдірумен, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралаумен айналысуы қажет».



Comments