top of page
Search

Министр Саясат Нұрбек Досмұхамедов Университетінің жетістіктерімен танысты

18.03.2024.


14 наурыз – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өңірдегі жетекші оқу орны Х. Досмұхамедов университетінің ғылыми жетістіктерімен танысып, оқытушы-профессорлар мен студенттерді Амал мерекесі – Көрісу күнімен құттықтады.


Саясат Нурбек Университет Досмухамедова

Атырау университеті ғылыми зерттеу бағытында зертханаларды заманауи құрылғылармен жабдықтауда өңірдегі ірі компаниялармен ынтымақтастықты арттырған. Нәтижесінде NCOC компаниясының демеушілігімен оқу орының «Каспий қоршаған ортаны кешенді зерттеу және мониторинг» ғылыми зертханасына жабдықтар алынған. Зертханамен танысқан министр заманауи құрылғылардың топырақ пен судың, өсімдіктер мен азық-түліктің, өндіріс орындарындағы мұнай өнімдеріне талдау жүргізудің әлеуетін арттыратындығына ризашылығын білдірді.


Министр жаңа үлгіде жасақталған IT сыныптарындағы «A-Pro Academy» бағдарламалау мектебімен бірлесе жасаған білім беру бағдарламаларының үш жылдық нәтижелерімен танысты. Компания дәріскерлері оқытқан түлектердің қатарын толықтырып, биыл оқу бітіретін үздік екі студент жұмысқа орналаспақ.


Сондай-ақ, министр университеттің «JasUP» жобасы бойынша жүзеге асатын мектеп оқушыларының жұмыстарымен танысты. Жоба – балаларды робототехника жасауға, өнертабыспен айналысуға баулитын универисеттің ІТ саладағы шығармашылық үйірмесі.


Университет Coursera білім беру платформасына арналған курстарды жазатын арнайы студиялық лабораториясы бар еліміздегі санауы оқу орындардарының бірі. Бүгінде атыраулық ғалымдар өздерінің онлайн курстарын жазып, студенттердің оқуына ұсынып отыр. Министр Саясат Нұрбек қазақстандық платформаны дамытудағы Х. Досмұхамедов университетінің қалыптастырған тәржірибесі өзге оқу орындарына үлгі болатын тың бастама екендігін атап өтті.


Саясат Нурбек Университет Досмухамедова



bottom of page